Жеті жерге көпір салу қажет

Аймақтар
14.11.2019, 22:08
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржолы аумағында қауіпсіздік қызметін күшейтіп, пойыз қозғалысына кедергі келтірмес үшін жеті көпір салу керек екен. Олардың бесеуі автокөлік қозғалысына арналған. Қалған екеуі жаяу жүргіншілер жолына қызмет етпек.

Жоспардан тыс өткелдерді тексеру жұмыстарын қорытындылаған магистральдық желі бөлімшесінің қауіпсіздік қызметі осындай ұйғарымға келді. Мамандар қала ішінде теміржол үстімен өтетін автокөлік пен жолаушылар жолдары көп қиындық туғызатынын айтады. Қатты жылдамдықпен жүретін автокөліктер тепловоз жылдамдығымен санаспай жатады. Шымалғандағы апат – осының айқын дәлелі. Келеңсіз оқиғалардың алдын алу бағытында барлық шаралар қолға алынып, ай сайын түсіндіру жұмыстары жасалғанымен, жергілікті тұрғындардың арасында сақтық шараларын қаперінде ұстайтындар аз.

Қауіпсіздік қызметі мен арнайы бекітілген комиссия облыс аумағындағы күзетілетін 51 және күзетке алынбаған 11 өткелдің сапасы мен қауіпсіздігіне талдама жасады. Жұмыстарын қорытындылаған комиссия қызметі жергілікті атқарушы өңдеу уақыты қысқартылған. Жалпы, локомотивтерге сервистік қызмет көрсету бойынша 547 млн теңге үнемделген. Неге десеңіз, локомотивтер ТО-2-ден 36-48 сағат арасында өту керек болса, №334 бұйрығына сәйкес уақыт ұзартылып, 120-144 сағатта өту бекітілген. Сонымен қатар, тағы басқа да үнем әкелген табыс көзіне тоқталсақ, қосалқы көмекші қызметінен түсетін табыстар жоспар бойынша 115 млн теңгеге көзделген болса, іс жүзінде 167 млн теңгені құрап, кіріс сомасы 52 млн теңгеге артық орындалыпты. ТОР бойынша 106 млн теңге болса, нақтысы 151 млн теңгені құрап, 45 млн теңгеге немесе 143%-ға көбейген. Себебі, ағымдағы ағытпалы жөндеу көлемі 1717 вагонға өскен. Меңлібай станциясы бойынша тауарлық кассирлер мен жүк қабылдаушылардың қызмет көрсетуі есебінен кіріс сомасы 62 млн теңгеге артқан. Өткен жылмен салыстырғанда табыстың 62 млн теңгеге өсуінің себебі ағымдағы ағытпалы жөндеу көлемі 854 вагонға өскен. Негізгі қызмет бойынша шығындар жоспары 20 млрд 818 млн теңге болса, іс жүзінде 19 млрд 160 млн теңге немесе 92%-ға орындалып, нәтижесінде 1 млрд 658 млн теңге, отын бойынша 492 млн теңге үнемделген. Бұған 1 тонна отын бағасының 1915 теңгеге төмендеуі де себеп болған көрінеді. Жан ПЕРДЕБЕК, Шымкент қаласы органдарға бірнеше ұсыныс хат жолдаған. «Ақтөбе аумағындағы барлық өткелдерге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде әкімдікке, облыстық полиция департаментіне, ҚазАвтоЖол мекемесіне бірнеше ұсыныс хат жолданды. Қала ішіндегі өткелдерде көлік жылдамдығын бәсеңдету, жүргіншілер жолының құрылысына ерекше көңіл бөлу сұралды. Атап айтқанда, қауіпсіздік ережелерін күшейту бойынша бес жерге автокөлік және екі жерге жаяу жүргіншілер көпірін салуға қатысты ұсыныс жасалды. Себебі қала ішінде орналасқан бұл аудандарда теміржол үстімен қатынас өте жиі», – дейді қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ардақ Рсалин.

Теміржолдың екі жағында да елді мекен болғандықтан көлік жүрісі жиі, адам аяғы да көп жүретін жерлер анықталған. «Жилгородок ауданында екі өткел бар. 1779-1780 шақырымдардың арасына көпір салуды қажет етіп тұр. Әуеқалашығы ауданында 1790-шақырымына көпір керек, Алға станциясының 1832-шақырымы мен Ақтөбе ауданының 1024-шақырымына, Жазық станциясының 130-шақырымына автокөлік көпірі керек. Бұл – көлік қатынасы өте жиі нүктелер. Сонымен қатар, Ақтөбе-Жіңішке және Ақтөбе-1, Ақтөбе-2 өткелдеріне жолаушылар көпірі салыну керек. Себебі осы аумақтарда пойыздарды шұғыл тоқтату, жолаушыларды қағып кету оқиғасы жиі тіркеледі. Аталған аудандарға және тағы он өткелге қосымша бейнебақылау орнатуға ұсыныс жасалды. Жұмыс тобының нәтижесі бойынша акт толтырылып, құрылыс жұмыстарының қажеттілігі түсіндірілді», – дейді Рсалин.

Теміржолшылар жергілікті билік ұсыныстарын қолдаса, жол бойындағы қауіпсіздік анағұрлым жақсарады деген сенімде.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты