Адам өмірі ойыншық емес

Аймақтар
28.02.2020, 11:45
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өндірістік жарақат алу жағдайы тіркелмеген. Ол, әрине, жақсы көрсеткіш. Оған қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басшылар тарапынан қолға алынған кенеттен тексеру жүргізу, станцияларда жұмысшылардың технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауын қадағалау сынды шаралар себеп болғаны анық.

Өткен жылы барлығы 504 кенеттен тексеру жүргізілсе, оның тең жартысына жуығы түнгі уақытта болған. Бөлімшенің бас инженері Б.Картан бұл жерде тексеру арқылы кемшілік табу мақсаты тұрмағанын, ең алдымен, қауіпсіздіктің алдын алу, ескерту, жұмысшының жауапкершілігін арттыру міндеті тұрғанын айтады. Десек те, тексеру барысында 92 кемшілік анықталған.

Олар негізінен қауіпсіздік техникасын, жұмыс технологиясын, лауазымдық міндеттерді сақтамау, арнаулы киім мен белгі беру құралдарын қолданбау, еңбек тәртібін бұзу, білім-білік төмендігі, медициналық тексерістен уақытылы өтпеу сынды кемшіліктер.

«Бірақ кемшілік жаза берумен шектелмеуі тиіс. Мәселен, аталған кемшіліктерді әр жұмысшы бұзбауына болады. Қауіпсіздікті сақтап, арнаулы киімін киіп жүрсе, білімін жетілдіріп, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, оған кім қой депті?! Бұл жерде әр адамның санасына, жеке тәртібіне байланысты мәселе туындайды» дейді бас инженер.

Қауіпсіздікті сақтауда практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны сөзсіз. Бұл бағытта қауіптілігі аса жоғары аймақта жасайтын жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс жасау іс-тәжірибесін көрсету бойынша 697 сабақ өтіпті. Қауіпсіздік диалогы бойынша да 377 қауіпті жағдай мысалы келтірілген.

Кестеге сәйкес, Атыраудан бастап Шоқпартоғай, Бек-Бике, Бәйтерек, Д.Нұрпейісова, Исатай, Афанасьево, Махамбет, Ганюшкино, Жамансор, Мұқыр, Атырау, Ақжайык, Құлсары, Аққыстау, Мақат, Сағыз, Теңдік, Қарабатан, Тұманды, Ескене, Доссор, тағы бірқатар станция мен шағын бекеттерде техникалық ревизия жүргізіліп, 317 жұмысшының білім деңгейі тексерілген.

Теміржолшылардың үнемі дала өтінде жүретіні белгілі. Сол бағытта еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары да қажетті дүниелер. Ол бойынша да бюллетендер таратылған, сабақтар өткен. Теміржолшылар – үйдегісінен түздегісі көп кәсіп иелері. Оларда арнайы тамақтану уақыты болғанымен, пойыз келіп тұрғанда оған мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті жұмыс орындарында кез келген уақытта ыстық тамағы мен шайын ішіп шығуға жағдай жасалуы керек. Ганюшкино, Атырау, Ақжайык, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары станцияларында теміржолшылардың ас ішу бөлмелері барлық қажетпен жабдықталған.

Жалпы бөлімше бойынша қауіпсіздіктің алдын алуға барлық жағдай жасалып отыр. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», «Хенрих травматизмінің пирамидасы» тақырыптарында көрнекі жадынамалар ілінген. Сол секілді медициналық мекемемен «Инфаркт пен инсульттің алдын алу» жадынамасы әзірленіп, «Бірінші медициналық көмек көрсету» бойынша жедел жәрдем мамандарымен тренинг өткізілген. Жалпы қауіпсіздік бойынша өткен жылы 9 шара жоспарланып, оған бөлінген 72088,3 мың теңге толықтай игеріліпті. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 пайыз қамтамасыз етілген.

– Биыл бөлімше бойынша өндірісте алғашқы қысын өткізіп жатқан 63 адамның барлығы да оқытылып, тәжірибелі мамандарға бекітіліп беріліпті. Солардың қасында жүріп қыста жұмыс істеу тәртібін үйренуде. Қателік жөнделеді, шығынның орны толады, ең бастысы – адам өмірі, ал адам өмірі ойыншық емес, – дейді бас инженер.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды