«Эко-сақшы» экологиялық акциясы өтті

Аймақтар
23.09.2020, 16:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

«ҚТЖ-ЖТ» АҚ – «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалына қарасты Түркістан станциясында «Эко-сақшы» экологиялық акциясы талапқа сай өтті. Акция аясында станциядағы қоқыс қалдықтарын бөлек-бөлек етіп жинау және табиғи ресурс көздерін үнемдеу жүйесі қарастырылды. 

Бесінші маусымнан басталған акция қыркүйек айының ортасына дейін жалғасты. Эко-сақшы айлығының мақсаты, аты айтып тұрғандай, қоршаған ортаны қорғау, ластайтын заттардан сақтап, қоқыс қалдықтарын тастамауға үндеу. 

Эко-сақшы шарасының қалай өтетіні жайлы Түркістан станциясының әрбір жұмысшысына егжей-тегжей түсіндірілді. Айлық кезінде станцияның әрбір қызметкері экология ережесін бұзғандарды көріп қалса суретке түсіріп алып, фактілерді станцияның бас инженеріне табыс етуге міндеттелді. Сондай-ақ станцияның әрбір жұмысшысы шыны, пластик, қағаздарды бөлек тастайтын урна жәшігін де қадағалауға алды. Теміржолшылар жұмыс орнын таза ұстап, жақын маңдағы территорияларды ластамауды, өндірістік қалдықтардың көбеюіне жол бермеуге атсалысты. Экологиялық айлықтың нәтижесінде теміржолшылар станция жолдарын, горловина және де жұмыс орындарын ұқыпты әрі тиянақты ұстауға бейімделді. 

 Станцияның бас инженері Е.Исабеков экология мәдениетін тереңдете түсу үшін жұмысшыларға арналған эко-дәрістер ұйымдастырып, қалдықтарды түрлеріне қарай қоқыс жәшігіне сұрыптап салу туралы буклеттер мен үгіт-насихат материалдарын таратуды ұйымдастырды. 

Аймақтар
08.05.2025
Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС ардагерін құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2025
ҚТЖ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс салған жара. Тұщыбектегі тағзым ескерткішінің тарихы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Жамбыл теміржолшыларының ерлік жолы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс жылдарындағы шойын жол шежіресі
Темір жол тарихы
08.05.2025
Сұрапыл жылдар шындығы
Жолаушылар тасымалы
08.05.2025
ҚТЖ жазғы кезеңде қосымша бағыттарды іске қосады
Мұрағат / Жаңалықтар
08.05.2025
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің 2025 жылғы 8 мамырдағы арнайы саны
Жаңалықтар
06.05.2025
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай ағаш отырғызылды
Жолаушылар тасымалы
06.05.2025
«Keruen Express» туристік пойызы сапарға аттанды
Жаңалықтар
06.05.2025
«Батырлар ұраны» шырқалған кеш
Аймақтар
06.05.2025
Семейде өрт сөндіру пойызы қоймадағы өртті өшірді
Спорт
06.05.2025
Семейлік теміржолшы жүзден жүйрік шықты
Темір жол тарихы
06.05.2025
Жеңіс рухын сөндірмеген Қызылорда алауы
Аймақтар
06.05.2025
Арыстағы «Батырлар аллеясы»
Спорт
06.05.2025
Машинистер сайысы
Темір жол тарихы
06.05.2025
Майданға тартылған мұнай жолы
Қауіпсіздік
06.05.2025
Теміржолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі
Темір жол тарихы
06.05.2025
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 06 мамыр 2025 жыл