Майданға тартылған мұнай жолы

Темір жол тарихы
06.05.2025, 09:14
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1941 жылдың 22 маусымы күні таңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы – Ұлы Отан соғысы басталды...

Гитлер 1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыста Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін кеңестер одағын басып алуға дайындыққа кірісті. Сөйтіп 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия негізінен үш бағытта – Ленинград – Москва – Киев бағытында шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Сонымен қатар Гитлер Москвадан Орал облысына дейінгі жерді жаулап алуды да жоспарлады. Яғни соның ішінде Қазақстан жеріне, әсіресе мұнайлы өлке саналатын Гурьевке (қазіргі Атырау) ерекше көңіл бөлді. Архив деректеріне сәйкес, оның ойында «Еділ-Жайық мемлекетін» құру жоспары да болған деседі. Осыған орай СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Каспий өңірінде әскери жағдай жариялап, ол аса құпия түрде ұсталған болатын. Соған сәйкес Қазақстан партия комитетіне Гурьев қаласында Қорғаныс комитетін құруды тапсырады. Комитет әсіресе Отанға аса қажетті мұнай саласына, оны өндіру мен тасымалдауға жауапты болды. 1941 жылдары ембілік мұнайшылар 15 мың тонна мұнай өндірген, бұл 1940 жылға қарағанда 24 процентке артық еді.  

Өндірілген мұнайды тасымалдаудың екі жолы болды – темір жол және су жолы. 1925 жылдың басында СССР Халық шаруашылығы кеңесінің шешімімен Гурьев-Доссор тар табанды темір жолын салу үшін Ембі-мұнай тресінің жанынан құрылыс басқармасы ұйымдастырылған болатын. Жол салу ерекше қиын жағдайда жүргізілді. Ешбір құрылыс механизмі болмады, трасса бойын ауыз сумен қамтамасыз ету үлкен күшке түсті. Жолшылардың жанқияр еңбегі нәтижесінде Гурьев-Доссор тар табанды 93 км темір жолы 1926 жылы 18 желтоқсанда пайдалануға берілді. Жол бойында ірі үш станция – Гурьев, Қарабатан, Доссор, 3 разъезд – Сокол, Ескене, Даңғар іске қосылды. Алғашқы кезде пойыз Гурьевтен Доссорға дейін 11 сағат, кейін 7 сағаттай уақытта жүріп өтті. Гурьевтен негізінде су және басқа тауарлар, Доссордан мұнай өнімдері тасылды. 1934 жылы мұнай өндіру қарқыны артуына байланысты Ескенеде тағы бір тар табанды темір жол салынды.  

Ал Қандыағаш-Гурьев темір жолы 1939 жылғы 12 ақпанда салынып бітті. Сөйтіп 518 км теміржол желісі тартылып, 450 мың шпал төселді, 26 мың тонна рельс, 300-дей көпір мен өткел, 30 бетон өткізу құбырлары іске қосылды. Жол салуға 6 мыңнан астам кұрылысшы қатысты, олардың 70% астамы жергілікті ұлттың өкілдері болды. 1939 жылы 26 ақпан күні 40 вагон тіркелген бірінші пойыз Гурьевке келді. Қандыағаш-Гурьев жолы 1939 жылы желтоқсанда уақытша, 1942 жылы тұрақты іске қосылды. Ол темір жол Ембі мұнайының Оралға, Сібірге, Орта Азияға шығуына жол ашты. Мәселен, Қандыағаш-Гурьев темір жолының машинистері 1941 жылы 700 тонна орнына 12 мың тонна мұнай тасымалдады. 1942 жылы 13 сәуірде Үлкен Пешной аралында Гурьев теңіз порты ашылып, ол портта Жайық өзені арқылы әрі қарай Каспий теңізімен мұнай және әскери жүктер тасымалданды. Ал осы жылдың шілде айында жергілікті теміржолшылардың күшімен небары 15 күн ішінде Гурьев станциясынан мұнай базасына дейін темір жол тартылды.  

Партия мен үкіметтің директиваларын жүзеге асыру нәтижесінде соғысқа дейінгі жылдарда Орал-Ембі аралығында жаңа мұнай кен орындарын барлау және іске қосумен қатар, «Каспий-Ор» мұнай құбыры, «Гурьев-Доссор-Қосшағыл» су құбыры, жоғарыда айтқан «Гурьев-Қандыағаш» теміржол желісі салынып, іске қосылған болатын. Бірінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы да Гурьевте Ұлы Отан соғысы кезінде басталды. Зауыт екі жыл ішінде АҚШ-тан жеткізілген жиынтықты жабдық базасында салынды. Бастапқы қуаты жылына 800 мың тонна болды. Зауыт Ембі кен орнынан авиациялық және автомобиль бензиндерін, мотор және қазандық отынын шығаруға маманданған еді. Осы зауыттың жанама өнім түріндегі газдарының базасында кейінгі жылдары химия зауыты салынған болатын. Осы атқарылған істердің маңызы өте жоғары. Біріншіден, Ембі мұнайын тасымалдау жолы ашылды. Екіншіден, облысты бүкіл елмен байланыстыратын теміржол қатынасы іске қосылды. Ембідегі ескі кәсіпшілік және ашық мұнай кен орындарын игеру Ұлы Отан соғысы жылдарында майданды темір жол арқылы жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде елеулі көмек көрсетті. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск теміржол желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдарында мұнай мен темір жолдың дамуына тағы бір серпін берілді. Мұнай сапасының жоғары болғаны соншалық, оны өңдемей-ақ темір жолмен майданға жіберіп, танктерде пайдалана берген.

Гитлердің «Барбаросса» жоспарының күлпаршасын шығарған кеңес әскерінің ұлы жеңісіне майданға тартылған мұнай жолының үлесі өте зор болғанын тарихи құжаттар айғақтайды.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты