Шымкентте пойыз кідірісін азайту үшін жолдарға КТСМ аспабының жаңа модулі орнатылмақ

Аймақтар
05.10.2021, 12:11
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

КТСМ аспабы – бұл жылжымалы құрамның жай-күйін бақылаудың техникалық құралдарының кешені. Бақылау құралдарының көмегімен ақаулы вагондар мен локомотивтер анықталады. Жүріп келе жатқан жылжымалы құрамға қатысты КТСМ аспабынан «дабыл» түссе, демек бір кінәраттың болғаны. Мұндай жағдайда құрам станцияда тоқтатылып, тексеруден өткізіледі. Қажет болған жағдайда вагон ағытып алынып, ақау жойылады. Осылайша, теміржолда болуы ықтимал апаттың алдын алады. Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша биыл бақылауға алынған пойыздар саны да, тоқтатылғандарының да саны артқан. Яғни жалпы кідіріс уақыты өткен жылмен салыстырғанда екі сағат 53 минутқа артық. Ал Арыс ШЧ бойынша КТСМ аспаптарымен бақыланатын пойыздар саны артып, тоқтатылғандар саны бес бірлікке азайған. Пойыздардың жалпы кідіріс уақыты өткен жылмен салыстырғанда бір сағат 43 минутқа азайыпты. Теміржолда пойыздардың көп кідірмей, тоқтаусыз қозғалыста жүруі экономикаға тиімді. Сондықтан, ШЧ-37, ШЧ-38 ұжымы КТСМ құрылғыларының жұмысын жақсартуға бар күш-жігерін салуда. Айталық, биыл Манкент станциясының тақ жолына, ал Шымкент станциясының жұп жолына КТСМ аспабының жаңа модулін орнату қарастырылып отыр. Састөбедегі жұп жолға КТСМ-2 бекеті СОБ электро- механикасымен және кабельді топпен бірге орнатылмақ. Сондай-ақ Қостүйін, Темір станцияларында жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату үшін техникалық дәрістер жүргізілді.

«Техникалық дәрісте біз жұмысшылардан барлық станциялар бойынша сақтандырғыштарды, релелерді, стативтердегі блоктардың жарамды жай-күйін, типінің сәйкестігін, олардың бекітілу сенімділігінің жануын бақылау схемаларының әрекетін, номиналдың бекітілген құжаттамаға сәйкестігін кезектен тыс тексеруді жүргізуін талап етеміз. Сонымен қатар, байланыс диспетчерлеріне СОБ және байланыс, радиобайланыс, КТСМ, механикалық құрылғыларының күтіміне күнделікті қатаң бақылау орнатуды айтамыз», – дейді ШЧ мамандары.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады