Көгершіндер көрмесінде үш теміржолшының кептері жоғары бағаға ие болды

Әлеумет
28.10.2022, 10:48
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік Мұрат Сүндетбаевтың ерекше хоб- биі – көгершін өсіру. Бүгінде 100-ге жуық кептері бар. Жуырда Республика күні құрметіне өткен бейбітшілік символы – Көгершіндер көрмесінде теміржолшының қанаттылары жоғары баға алды.

Жайсаң дистанциясының аға электр механигі Мұрат Сүндетбаев аймақтық «Көгершіндер жәрмеңкесінде» ерекше хоббиімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол ондаған жыл уақытын жұмсап, кептерден өз тұқымын шығарған. Көрмеде оның осы әдемі көгершіндері көпшіліктің ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, жүлде алды. Жұдырықтай құсты баладай мәпелеген теміржолшы кептерлерін «жүрегімнің бөлшегі» деп жақсы көреді.  

«Көгершін – бейбітшілік символы. Ашық аспан астында қанат қағып, мың құбылып ойнайтын көгершіннің сұлулығын көп адам көре де, сезіне де бермейтіні өкінішті. Құстарым – жүрегімнің бір бөлшегі. Жұмыстан келгенде бірінші үйге кірмей, сарайға барып құстарымды көзіммен көріп, еркелетіп, сылап-сипап алмасам көңілім көншімейді. Соларды баптап, күтіп, шаршағанымды басамын», – дейді ол.  

Мұрат Сүндетбаев отыз бес жылдан бері ШЧ-5 дистанциясында еңбек етеді, бүгінде аға электр механигі. Әдемі құстарының кекілін тарап, мамығын күтіп, қанатын қатайтуға машықтанған теміржолшы көгершіндері туралы сағаттап айтуға бар. Жүз шақты көгершіндерінің әрбірі – қайталанбас бірегей тұқым. Айтуынша, сарайында соңғы кездері сұлу өзбекстандық көгершіндер көбейген.  

Көрмеде байқағанымыз, теміржолшылар арасында көгершін баптауды хоббиына айналдырғандар аз емес екен. Солардың бірі – Байбөрі Садықов Шалқар локомотив депосының ардагері. Оның 200-ге жуық кептері бар екен.  

«Жауапкершілігі жоғары мамандық – теміржолшы болып та уақыт таптық. Кептер баптау – мен үшін жан рахаты, нағыз терапия», – дейді Байбөрі Садықов.  

Көрмеде кезіктірген тағы бір теміржолшы Төремұрат Батырғарин кезінде Ақтөбе локомотив депосында бірінші класты машинист болған. 2017 жылы зейнетке шыққан соң кептер өсіруді біржола хоббиіне айналдырыпты. Теміржолшылар арасында көгершін өсірушілер клубын құруға бастама көтергендердің бірі екен. Құс сапасын жақсарту, олардың стандартын енгізу жайлы мәселе көтеріп, білгенімен бөлісіп жүрген жан.  

«Ойын көгершіндері әдемі, бүгінде 80 құсым бар, бір айға 2 қапшық жем кетеді. Көгершінді пайдасынан гөрі хобби, демалыс үшін ұстаймыз», – дейді ардагер теміржолшы.  

Ақтөбеде өткен көгершіндер көрмесінде үш теміржолшының да кептерлері үздік үштік қатарынан көрінді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды