Достық станциясының өрісі кеңейіп келеді

Станция тынысы
09.03.2024, 10:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ел теміржолының негізгі көлік тораптарының бірі Достық станциясының даму тарихында биыл алғаш рет ақпан айының басында экспортқа 19 пойыз құрамы берілді. Мұндай нәтижеге Алматы жүк тасымалы бөлімшесі мамандарының шеберлігі мен кәсіби тұрғыдан технологиялық процестерді нақты ұйымдастыру арқасында қол жеткізілді.

Экспорттық жүктері бар 19 пойыздың 17-сі кең жол табанды, ал 2-уі тар табанды жолмен берілді. Осылайша тәуліктік жөнелтілім 2511 вагон және 147 432 тоннаны құрады. Оның ішінде контейнерлері бар 11 пойыз, цистерналарда май тиелген жүктері бар 1 пойыз, руда жүгі бар 4 пойыз, контейнерлерде ферроқорытпалары бар 1 пойыз кең табанды жолмен, ал контейнерлерде ферроқорытпалары бар 2 пойыз тар табанды жолда ауыстырып тиеліп, жөнелтілді.  

Достық – Алашаңқай халықаралық өткелінің даму болашағы өзекті болып қала береді. Темір жол учаскесі – ел экономикасына серпін беретін сала. Бүгінде шекаралық Достық станциясына ауқымды міндеттер мен орасан жүк жүктеліп отыр. Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық транзиттік тасымалдың мемлекетаралық негізгі түйіні болып табылатын станцияны техникалық дамыту, сондай-ақ теміржол көлігінің жаңа көлемдерін игеру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру жұмыстары жүргізілуде.  

Достық станциясы тәжірибе жинақтауға, дамуға және кәсіби өсуге кең перспективалар беретін елеулі кадрлық әлеуетке ие. Жас мамандар өз кәсібінде ілгерілеп, өз мүмкіндіктерін сәтті жүзеге асыруда. Осы ретте Достық ауылының мәртебесін көтеру, техникалық даму басты рөл атқарады. Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы Достық станциясы арқылы транзиттік жүк ағынының тұрақты артып отырғанын атап өтуде.  

Достық станциясын техникалық дамытудың кешенді шаралары шеңберінде 2024-2026 жылдары қосымша терминалдар енгізу жоспарлануда. Сол кезде терминалдардың жалпы қуаттылығы жылына 2038 мың ЖФЭ-ден асады деп күтілуде. Достық-Мойынты телімінде салынып жатқан 836 шақырымдық екінші жолдар құрылысы шеңберінде 2024-2025 жылдар аралығында Достық станциясын жаңғырту қарастырылған. Бұл іс-шара жүзеге асқанда станцияның өткізу қабілеттілігі 40 жұп пойызды немесе 35 млн тонна жүкті құрамақ. Сонымен қатар Достық-Алашаңқай шекаралық өткелін кеңейту бойынша да ұсыныс қарастырылуда екен. Онда техникалық-экономикалық негіздеме аясында өткелді «Т» Кеден паркіне дейін кеңейту көзделіп отырған көрінеді. Яғни қосымша жолдар, инспекциялық тексеріске дейінгі кешен, тазалау және дезинфекция жүйесін салу. Сондай-ақ шекаралық өткелдің өткізу қабілетін арттыру үшін Достық – Алашаңқай станциялары арасында әрбір жол табаны бойынша екі жол салу және де пойыздарды тексеру үшін қабылдап-жөнелту жолдарының санын арттыру ұсынылып отыр.  

«Еңбек өнімділігі жоғары станцияны техникалық дамытудың кешенді шаралары пойыздарды, вагондарды, контейнерлер мен жүктерді халықаралық торапта тиімді өңдеуге кепілдік береді», – дейді Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда