Озық технология тиімділігі

Станция тынысы
26.04.2024, 12:09
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының диспетчерлік орталығын мекеменің «жүрегі» десек болады. Жүздеген шақырымға созылып жатқан темір жолдағы қозғалысты алақандағыдай көрсетіп, бақыланып-басқарылатын орталықтың жұмысы өте жауапты.

Қазіргі кезде 300-ге жуық адам еңбек ететін дистанция өздеріне тиесілі учаске бойынша 583 бағыттағыш бұрманы күтіп-баптап, құрылғылардың қалыпты қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ 1 037 бағдаршамдық белгі беру құралының күйін мұқият бақылауда ұстайды.  

Бүгінде өңірдегі пойыз қозғалысын реттеу қызметі микропроцессорлы диспетчерлік орталық жүйесінің (МП АСДЦ) озық технологияларының көмегімен іске асырылады. Бұл орталықтандырылған цифрлық жүйенің тиімділігі сол – егер учаскеде белгі байқалмай немесе бағыттағыш бұрма қажет тұсқа аумай қалған жағдай болса, ол туралы ақпарат диспетчерлік орталықтағы экраннан сол мезетте-ақ көрінеді. 2020 жылдан бері жүздеген шақырымға созылған темір жолдағы белгі беру құралдарының қызметі осылайша қадағаланып келеді. Бір ауысымда 4 диспетчер отырады. Оның бірі пультте отырса, екіншісі сарапшы ретінде әрі ауысым жасауға дайын жағдайда жұмысты жалғастырады әрі шұғыл шешім қабылдап, кез келген олқылықты әп-сәтте түзеуге әрекеттенеді.  

– Егерде бір жерде бағыттағыш бұрма тиісті жаққа аумай немесе сигнал ашылмай қалғаны туралы ақпарат түссе, дереу учаскеге жауапты маманға хабар береміз. Ал жұмыстан тыс уақытта осындай олқылық орын алса, арнайы нұсқаулық өткізу арқылы өзге жұмысшыларды іске жұмылдырамыз, – дейді 30 жылдық тәжірибесі бар байланыс диспетчері Нұрғали Насруллаев.  

– МП АСДЦ – микропроцессорлы диспетчерлік орталық жүйесінің тиімділігін көріп отырмыз. Жалпы, озық технологияның аты – озық технология. Соның арқасында телімдер мен жолдардың бос немесе бос еместігін, пойыздың жүріп келе жатқаны немесе тоқтап тұрғаны секілді мың сан шаруаны алақандағыдай айқын бақылап отыруға мүмкіндік бар, – дейді дистанцияның аға диспетчері Мағжан Оразәліұлы.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады