Бершүгір: ғасырдан аса тарихы бар

Станция тынысы
28.07.2021, 09:25
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақ даласындағы алғашқы теміржол құрылысы Батыстан басталғаны белгілі. Ақтөбеде ол Бершүгір тауларының үстімен өтті. Жергілікті халық жол салу жұмыстарына тартылып, теміржол саласында еңбек етуді бастаған. Бүгінде ғасырдан аса тарихы бар Бершүгір жол дистанциясы сол жылдары құрылған. Арнайы сапарымызда таулы аймақтағы Бершүгір жол дистанциясының жұмысымен таныстық. Табиғаты қатал бұл өңірде, әсіресе, қыс айлары теміржолшылар үлкен қиыншылықпен жұмыс істейді. Десек те, темірдей тәртіпке үйренген жергілікті теміржолшылар алты ай қыстың ақтүтек боранында да пойыздар қозғалысын тоқтатқан емес. 1900 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталғанда 1903 жылы Бершүгір ауылында Ресей инженерлері вокзал салып, теміржол станциясына Бершүгір аты берілген екен. Ол кезде Орынбор теміржолының құрамында болды. Ғасырлық таихы бар Бершүгір жол дистанциясында жастар көп, бәрі де тәжірибелі мамандар. Дистанцияда биылға жоспарланған жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. Биылғы жылы дистанцияда барлығы 26 км жолға жөндеу жұмысы жоспарланған. Оның ішінде «Ұлпан-Қайдауыл» бекетіндегі тақ жолға күрделі жөндеу жүрді. «Ұлпан-Қайдауыл» бекетіндегі ағаш шпалдар толықтай темірбетонға ауысты. Бұл жердегі шпалдар 1986 жылы күрделі жөндеу кезінде салынған екен. Ағаш шпал кезінде жол сапасының нашарлығына байланысты өткен жылдан бастап жолаушылар пойызының жылдамдығы 50 км/сағ, жүк пойызы 40 км/сағ шектелді. Енді күрделі жөндеуден кейін бұл жерлердегі жолаушылар пойызының жылдамдығы 100 км/сағ, жүк пойызы 90 км/сағ көтеріледі», – дейді Бершүгір жол дистанциясының бас инженері Жасұлан Өтетілеуов. Ол 2007 жылдан бері теміржол саласында еңбек етіп жүр. Еңбек жолын жол жөндеуші болып бастады. Екі жылдан кейін ақау тапқыш оператор болып, кейін кезекші диспетчер, өндірістік техникалық бөлімде инженер, жол шебері қызметтерінде істеп, қазір жол дистанциясының бас инженері. Қайдауыл бекетіндегі 15-айналымның жол шебері Сәлімжан Қазымов та бекеттегі тәжірибелі теміржолшылардың бірі. «2108-2123 км аралығындағы 32 км жолға жауап беремін. Жол арасындағы өлшемді мм-мен есептеп қараймыз. Рельстің екі басындағы арақашықтық 1512-ден кем болмау керек, 1548-ден артық болмау керек. Жұп және тақ жолдарда айына төрт рет бақылау жасаймыз. Бұл жұмыстар қауіптің алдын алу үшін керек», – дейді Сәлімжан Қазымов. Еңбегіне адал теміржолшылардың жауапкершілігі де жоғары.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды