Түркіменстанға азық-түлік өткізуге рұқсат етілгелі жүк тасымалы қарқын алды

Станция тынысы
07.09.2021, 10:13
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің мемлекетаралық шекаралық түйіспе станциясының бірі – Маңғыстау өңіріндегі Болашақ бекеті. Биыл аталған станциядан сегіз ай ішінде Түркіменстанға 269 пойыз, 12754 вагон, яғни 705461 тонна жүк тапсырылса, көрші елден 2021 жылдың 8 айында қазақ мемлекеті аумағына 251 пойыз немесе 107474 тонна жүк тиеген 10831 вагон қабылданған, деп хабарлайды Rail-news.kz. Теміржолшылар станцияда жүктерді қабылдап, тапсыруға төрт сағат шамасында уақыт кететінін айтады. Түркімен еліне тапсырылатын жүктердің басым бөлігін бидай, ұн, арпа, қант, күнбағыс майы, қара металл прокаты, басқа да азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдары, сондай-ақ, автобөлшектер құрауда. Ал Қазақстанға келетін жүктердің номенклатурасына келер болсақ, олар: кепкен жемістер, алма, картоп, аммиак, кокс, мотор майлары, төсек жабдықтары, үй бұйымдары, тағысын тағылар екен.

«2020 жылға дейін станциядан өткен пойыздың саны да, жүк түрлері де жылдан жылға арта бастаған еді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап пойыздар саны азая бастады. Оған елімізде коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеулер әсер етті. Былтыр коронавирус инфекциясына байланысты алғашқы карантиннен кейін шетелге азық-түлік, ұн, қант сияқты негізгі тамақ өнімдерін шығаруға шектеу қойылды. Сол себепті Болашақ арқылы өтетін жүк көлемі төмендеп кетті. Бұл тамыз айына дейін созылды. Аталған өнімдерді экспорттауға рұқсат етілген соң жұмыс қайта қыза түсті. Пойыз саны бойынша өзгешелік болғанымен, өткен жүктің салмағы, вагоны жағынан алдыңғы жылғы көрсеткішке жақындады. Десек те, қазіргі нәтижеміз былтырғы есепті мерзімдегі өткен жүктер көлемімен шамалас. Әлі алда астық тасымалы бар. Сондықтан жылдың аяғына дейін өткен жылғы нәтижені жаңартамыз деген ойдамыз», – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Болашақ станциясында бүгінде барлық теміржол мекемесін қосқанда 280-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 90 пайызы – Болашақ ауылының тұрғындары. Олардың отбасы барлары үш бөлмелі үймен, ал әзірге отбасын құрмаған қыз-жігіттер жатақханамен қамтамасыз етілген. Болашақ станциясы ашылғанда Ұлттық компания теміржолшыларға арнап 85 үй немесе 170 пәтер салып берген болатын. Сондықтан станция халқын баспана жайы алаңдатпаса керек. Әкімдік тарапынан өзге сала өкілдеріне де 5 үй тұрғызылған. Алайда, станцияда жаз болса туындайтын бір ғана мәселе бар, ол ауыз су жеткіліксіздігі. Одан басқа болашақтықтардың Жаңаөзен қаласымен арада барыс-келісіне мүмкіндік қарастырылған. Әр аптаның екінші күнінен басқа уақыттарда Болашақ-Жаңаөзен пойызы қатынайды. Ауылдың 80 орындық шағын мектебі мен 50 балаға арналған балабақшасы да бар. Бірақ бүгінде мектепте білім алушылар саны 200-ге жетіпті. Халықтың өсу қарқынын ескерсек, таяу арада 250 болуы әбден мүмкін. Сол себепті Қарақия ауданы әкімдігі есебінен мектептің жанына тағы да қосымша ғимарат салу жайы жоспарланыпты. Балабақшадағы орындар саны болса қазірге жеткілікті. Дегенмен, өсіп жатқан халық бар жерде балабақшаға сұраныс та арта бермек.

«Бүгінде тек ерлі-зайыптының екеуі де жұмыс істейтін, үйде қарайтын адамы жоқ отбасылар ғана баласын балабақшаға бере алады. Егер үйде отырған аналар, ауыл халқының бәрі баласын берер болса, бұл мекеме бүлдіршіндерді қамтуға тарлық етуі мүмкін», – дейді станция бастығы.
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды