Қағазсыз технология: тиімді әрі тез

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тасымалдау құжаттарын рәсімдеу кезінде қағазсыз технологияларды пайдалана отырып, теміржол көлігіндегі жүк тасымалының бизнес-процестерін автоматтандыру үшін цифрлы технологияларды қолдануға пәрмен беруде.

Бүгінде барлық жүк жөнелтушілерге республикаішілік қатынаста тасымалдау құжаттарын электронды ресімдеу процесі қолжетімді болып отыр. Яғни, клиенттер онлайн режимінде өтінімді толтырып, тасымалдау келісім-шарттарын жасай алады, жоспарларға электрондық сұраныстар жіберіп, жөнелтілімдерді ресімдеуге, тауарларды қайта бағыттауға сұраныстар бере алады, сондай-ақ электрондық хабарламалармен алмасу функционалдық мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады.  

Қағазсыз технологиялар тұтынушылар мен станция жұмысшылары арасындағы тікелей байланысты барынша азайтуға көмектеседі, бұл өз кезегінде тұтынушылардың шағымдарын азайтып, адам факторының араласуын болдырмайды. Сонымен қатар, рәсімдеу кезіндегі қателерді азайтып, процедураның ашық болуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл жүйеге 35 мыңнан астам клиент тіркелген. Олар өздеріне қолайлы кез келген уақытта кеңседен шықпай-ақ, онлайн тапсырыс беріп, өзі жөнелткелі отырған жүктің тасымал құнын алдын ала біле алады.  

Мамандар сөзіне қарағанда, бүгінгі күні ішкі тасымалдауда қағазсыз технологияны қолдана отырып, электронды тасымалдау құжаттарын орташа тәуліктік өңдеу және есепке алу пайызы тасымалдау құжаттарының жалпы санының шамамен 97%-ын құрап отырған көрінеді. Бірақ бұл арада атап өтерлігі, онлайн рәсімдеу қауіпті және арнайы жүктер тасымалына қолданылмайды.  

Сонымен, қағазбастылықтан құтылып, сандық жүйелерді енгізудің нәтижелері қандай деген мәселеге келсек, біріншіден, ақпараттық жүйелерді енгізу бизнес-процестерді айтарлықтай оңтайландыруға және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әкелді. Процесті автоматтандыру арқылы жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне келісім беру уақыты 15 есеге, яғни 11 сағаттан 5 минутқа дейін, ал қайта жіберуге өтінімдерді беру уақыты екі күннен бір сағатқа дейін қысқартылды. Бұдан бөлек, тұтынушылар енді нақты уақыт режимінде жөнелту құжаттары мен олардың жөнелтілімінің күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болып отыр.  

Әрине процестерді автоматтандыру – кезең-кезеңмен орындалып жатқан жұмыстар. Былтыр да Компания мамандары клиенттердің сұранысын қанағаттандырып, жоғары сапалы қызмет түрін қамтамасыз ету үшін процестерді жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Нәтижесі де жоқ емес. Ең маңызды жетістік – бұрынғы 97% көрсеткіштен 99,9% қолжетімділікпен өндірістік жүйелердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді.  

Өткен жылдың өнімді жұмыстарының бірі, ол Ресей темір жолдарымен PARTIN форматында жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың анықтамалықтарын автоматты түрде алмасудың жүзеге асырылуы болса, екіншісі, Қытай темір жол әкімшілігімен өнеркәсіптік режимде IFTMIN, IFCSUM хабар алмасуының сәтті іске қосылуы. Бұл клиенттермен жұмыс істеу процесін жеңілдетумен қатар қызметтердің сапасын арттырады. Сондай-ақ екі ел арасындағы жүйелердің өзараәрекеттесу процесін шапшаңдатады.  

2023 жылға арналған негізгі міндеттердің бірі – Компанияның бекітілген Стратегиясына сәйкес ҚТЖ ақпараттық жүйелерін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру. Атап айтқанда биылғы жылы ҚТЖ мен оның еншілес компанияларына көрсетілетін қызметтер үшін Бірыңғай цифрлық терезе құру жоспарлануда, бұл тұтынушылармен өзара әрекеттесуді жақсартуға және тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.  

Келесі бір жоба, жолаушылар тасымалының ұлттық жүйесін құруға бағытталған. Бұл – екі жылды қамтитын жолаушылар теміржол көлігінің өндірістік бизнес-процестерінің барлық спектрін цифрландыруға арналған кешенді жоба.  

Цифрлы жүйе контейнерлік тасымалға да дендеп енбек. Мәселен, жақын арада республикаішілік қатынаста қағазсыз технология бойынша контейнерлік жөнелтілімдерді ресімдеу процесін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жүк жөнелтілімі үдерістерін шапшаңдатып, жұмыс тиімділігін арттыра түспек.  

Биылғы жылдың басты міндеттерінің бірі, барлық дәрежедегі қауіпті жүктерді, сондай-ақ қағазсыз технологияны қолдану арқылы арнайы тасымалдау жұмыстарын рәсімдеу жұмыстарын аяқтау болып отыр. «Бұл жұмысымыздың қауіпсіздігін арттыруға және оны қоршаған ортаға зиянын азайтуға мүмкіндік береді» дейді мамандар.  

Ағымдағы жылы басымдық беріп отырған негізгі шаруаның бірі ГУ-23 жалпы формасындағы актілерді рәсімдеу процесін қағазсыз технологияға көшіру болып отыр. Бұл қағазбен толтырылатын құжаттарға кететін шығынды төмендетіп, экологияға оң әсерін тигізері сөзсіз.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті