2017 жылдан бері транскаспий дәлізі арқылы 4 млн тоннаға жуық сыртқы сауда жүктері тасымалданған

Жүк тасымалы
26.11.2021, 09:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның Азия мен Еуропа құрлықтары арасында географиялық жағынан қолайлы орналасуы транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыруда орасан зор мүмкіндіктер беруде. Көлік саласының көкжиегі кеңейіп, жаңа дәліздер арқылы жаңа бағдарлар бағындырылуда. Соның ішінде көліктің екі түрі, яғни теміржол мен теңіз көлігі қатысатын Транскаспийлік халықаралық мультимодальды көлік бағдары арқылы тасымал көлемі жылдан жылға артып келеді. Шетелдіктерге Middle Corridor атауымен танымал ТХКБ-ның басты артықшылығы – жүкті жедел жеткізумен қатар халықаралық сауда процедураларын жеңілдетеді. Сондықтан бұл трансқұрлықтық бағдар мен дәлізді дамыту ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ерекше бақылауына алынған. Осылайша, мемлекет басшылығы көлік саласының алдына ұлттық көлік жүйесін әлемдік көлік желісіне интеграциялау арқылы елдің транзиттік әлеуетін барынша іске асыруды негізгі міндет етіп қойып отыр және ол біртіндеп іске асуда. Қытай – Құрық/Ақтау – Баку/Алят – Батуми/Поти бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге, оның ішінде Баку – Тбилиси – Карс жаңа желісі арқылы өтетін мультимодальдық көлік сервисі 2017 жылы жолға қойылды. Бүгінгі таңда жүк ағынының едәуір бөлігін қазақстандық экспорттық өнімнің, атап айтқанда, мұнай-химия өнімдері, қара және түсті металдар, көмір, көмір коксы, ферроқорытпалар, дәнді, майлы, бұршақ дақылдары және басқа да көптеген жүк түрлері сияқты кең спектрі құрайды. Сонымен қатар ТХКБ Қытай мен Орталық Азия елдерінен батысқа қарай – Еуропа, Африка елдеріне және кері бағытта бағдарланған жүктерді контейнермен тасымалдау қызметтерін табысты және мақсатты түрде ілгерілетуде. Транскаспий халықаралық көлік бағдарының Халықаралық Қауымдастығы көлік нарығының 20-дан астам маңызды ойыншыларын, яғни магистральдық инфрақұрылым иелерін және 8 елдің тасымалдаушыларын біріктіреді. Олар Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қытай, Польша, Румыния, Украина және Түркия. Транскаспий дәлізінің ашылуына Қазақстан бастамашы болғандықтан, қауымдастықтың штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Биылғы жылы Өзбекстан да жобаға қатысушы мүше ретінде қосылу туралы өз шешімін жариялады. Осыдан-ақ, транзиттік тасымалдар көлемінің жыл сайынғы өсімі, бұл бағдардың үлкен әлеуеті бар екенін айқындай түседі. 2017 жылы «тұсауы» кесілген ТХКБ бағдары бойынша ол жылы 0,3 мың контейнер өтсе, 2018 жылы тауар тасымалы 3,9 мың ЖФЭ-ге дейін өскен. Ал 2019 жылы бұл көлем тағы 2 есеге артып, 7,4 мың контейнерді құрады. Экспорттық жүк тасымалдарының өсуіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның транзиттік тасымалдауға қолайлы тариф ұсынуы оң әсер еткен. 2020 жылы әлемдік пандемияның басталуы Қауымдастық мүшелерінің жоспарлары мен құрылған логистикалық байланыстарға айтарлықтай әсер етті. Алайда, контейнерлік тасымалдардың өсуі осы күрделі жылда да тоқтамай, өткен жылдың көрсеткіштерінен 9% немесе 8,1 мың ЖФЭ-ні құрады. 2021 жылы транскаспийлік көлік дәлізінде жүк тасымалы қайта жанданды. Бірінші жартыжылдықта 7,4 мың контейнер тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есеге артық болды. Сонымен, бес жыл ішінде аталған бағдар бойынша 3,9 млн тоннадан астам сыртқы сауда жүктері, оның ішінде 20 футтық баламадағы 71 мың контейнер тасымалданды. Оның 2,1 млн тоннасын қазақстандық экспорттық жүктер құрады. Осы ретте, Құрық теңіз порты Қытайдан Әзербайжанға, Грузияға және Еуропа елдеріне жүктерді мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ететін ТХКБ-ның маңызды бір буыны дер едік. Үстіміздегі жылдың 10 айында Құрық порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көрсеткіші 760 мың тоннадан асып түскені осының айқын дәлелі. Атап өтерлігі, порттың теміржол айлағының өткізу қабілеті – жылына 4,1 миллион тонна жүкті, ал автокөлік айлағы жылына 1,9 миллион тонна өңдеуге мүмкіндік береді. Өткен жылы осы екі айлақ арқылы ауыстырылып тиелген жүк көлемі 1,6 миллион тоннаны құраған. Өткен айда порт басшылығы Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы жобасының девелопері «SEMURG INVEST» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл мәміле порттың дамуына және қосымша жүк ағынын тартуға ықпал етеді. Ал Ақтау халықаралық теңіз порты арқылы жүк тасымалдау көлеміне келсек, биылғы он айдағы жүк тиелімі 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 15%-ға жоғары болған. Осылайша, Каспий теңізіндегі қазақстандық қос порт арқылы жүк тасымалдау ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3% ұлғайып, 4,6 млн тоннаны құраған.

Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде
Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026
Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді
ҚТЖ келбеті
27.01.2026
ЖИ мүмкіндігі шексіз