Қаңтар айында 10 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

Жүк тасымалы
04.02.2022, 13:21
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде биыл қыс жайлы болып тұрса да, көмір тасымалы азайған жоқ. Керісінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында теміржол арқылы 10,3 млн тоннадан астам көмір тасымалданып, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 5% өсе түскені байқалады.

Қатты отынның 7,3 млн тоннасы ел ішіне таратылса, 3 млн тоннасы шетел асқан. Яғни, көмір экспорты 23% артқан. Былтыр «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 106,2 млн тонна қатты отын тиеліп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан 3% артық орындалған болатын. Соның ішінде, ел ішіне тиелгені 74,4 млн тонна, жоспар 2% жоғары. Жылу электр орталықтарына 64,6 млн тонна көмір жеткізілсе, халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 9,8 млн тоннасы таратылған. Экспортқа шығарылған көмір көлемі 31,8 млн тоннаны құрап, 2020 жыл көрсеткішінен 8% басым түскен. Бұл дегеніміз, шет елдер тарапынан қазақстандық көмірге сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңдатса керек.

Атап өтерлігі, әлеуметтік маңызға ие бұл жүктер, яғни астық пен көмір тасымалы ұлттық компания басшылығының тұрақты бақылауында. ҚТЖ бастамасымен күн сайын коммуналдық-тұрмыстық көмірдің ірі жөнелтушілері – «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Богатырь Көмір», «Tranco Nura», «ВостокУгольПром» ЖШС-лары және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізіліп, көмір тасымалына қатысты мәселелер талқыланып отырады.

Бұдан бөлек, Компанияда көмір тасымалдау бойынша жедел штаб, ал жол бөлімшелерінде – жедел топтар құрылған. Олар жүк жөнелтушілердің өтінімдерінің дер кезінде қамтамасыз етілуін бақылауда ұстайды. Сонымен қатар ЖЭО және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына мониторинг жүргізіп, жүк жөнелтушілерді мәлімделген көлемдер бойынша вагондармен қамтамасыз етуге атсалысады.

Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі