Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі 5 айда 15 млрд теңге табыс түсірді

Жүк тасымалы
17.06.2022, 11:31
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі еңбек қорғау және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тасымалды тиімді ұйымдастыру арқылы кіріс деңгейін арттыруда.

Оған олар жүк тасымалы көлемін ұлғайту бойынша негізгі жүк жөнелтушілермен бірлесе жұмыс істеп және жаңаларын тарту арқасында қол жеткізіп келеді. Оның жарқын көрінісін, жалпы 2022 жылдың 5 айында жүк тасымалынан түскен табыстың 15 млрд теңге шамасын құрауынан көреміз. Сонымен қатар, бөлімше ұжымы өткен бес айды табысты көрсеткішпен тәмамдап отыр. Айталық, жүк айналымы 101,4%, жүк тиелімі 103,4%, вагон өнімділігі 108% орындалған. Мұндай көтеріңкі жағдайды жүк вагонының жүрісі, динамикалық және статистикалық жүктеме, вагондардың жүк тиелген құрамға шаққандағы бос жүрістерінің проценті, жұмыс вагонының айналымы, техникалық станцияларда вагондардың тоқтап тұруы, техникалық жылдамдық, локомотив өнімділігі және локомотив жүрісі сияқты пайдалану көрсеткіштерінен де көреміз. Биылғы жоспардың орындалуы өткен жылдың есепті мерзіміндегі межеден де әжептәуір жоғары болып отыр. Бөлімше мамандары жергілікті вагон айналымы, бір жүк операциясы кезінде вагонның тоқтап тұруы және телімдік жылдамдық көрсеткіштерінің жоспардан сәл қалып отырғанын айтады.

– Биылғы жылдың бес айында 16 пайдалану көрсеткішінің 13-і толығымен және асыра орындалды. Әрине, бұл – бөлімше қызметкерлерінің ұйымшылдықпен атқарған жұмысының жемісі. Жергілікті вагон айналымының орындалмауына вагон паркінің шамадан тыс ұсталынуы ықпал етсе, бір жүк операциясының астында вагонның тұрып қалуы жергілікті жүктің уақытылы тасымалданбауына байланысты болды. Ал учаскелік жылдамдық жауын-шашын мен желдің күшеюіне байланысты нашарлады, – дейді үш көрсеткіштің орындалмау себептерін ашып көрсеткен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожабеков.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға