Құрлық жолы арқылы Түркияға бағыт алған пилоттық контейнерлік пойыз Иранға келді

Жүк тасымалы
20.06.2022, 09:54
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тегеран станциясында Қазақстан, Түркіменстан және Иран елдері арқылы Түркияға бет алған алғашқы құрлықтағы контейнерлік пойызды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл салтанатты рәсімге онлайн-режимде қатысқан Қазақстан мен Иран Ислам Республикаларының басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси пойыздың одан әрі қарай Түркияға жүруіне сәттілік тілеп, старт берді.

Қазақстан Президенті Иран мемлекетіне жасаған ресми сапары кезінде көлік-транзиттік әлеуетін толық пайдалануға екі жақ та мүдделі екенін атап өтті. Ол Оңтүстік пен Солтүстікті, Шығыс пен Батысты жалғайтын тасымал дәлізі маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Бір апта бұрын Қазақстаннан шыққан жүк пойызын бүгін осында қарсы алдық. Енді ол Түркияға бет алады. Күрделі геосаяси ахуал кезінде бұл айрықша маңызды. Біз транзит, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы бойынша келіссөз жүргіздік. Бұл қазақ-иран байланыстарын одан әрі жандандыруға ықпал етеді. Қол жеткізген уағдаластықтар ықпалдастығымызды нығайта түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркияның Паяс станциясына баратын күкірт тиелген 48 бірлік 20 футтық контейнерден тұратын алғашқы пойыз Павлодар станциясында жасақталды. Пилоттық пойызды «KTZ Express» АҚ ұйымдастырып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұсынған жаңа логистикалық шешім жүк жөнелтушілер үшін ең алдымен жеткізу мерзімі тұрғысынан тиімді. Пойыз Каспий теңізі арқылы өтетін баламалы маршрутпен салыстырғанда небәрі 12 күнде 6300 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтеді. Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асып жатса, Парсы шығанағы мен Түркия нарықтарына жүктерді жоғары жылдамдықпен жеткізетін тұрақты бағыт қалыптаспақ. Ең бастысы, жүктерді ауыстырып тиеуді талап етпейтін жаңа трансұлттық қатынастың іске қосылуы балама бағыттарды әртараптандыруға және Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік жүк ағынын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты