Жүк тасымалының тиімділігін арттыру нәтижесі

Жүк тасымалы
29.07.2022, 10:11
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Негізгі табыс көзін жүк тасымалы құрайтын теміржол көлігінде сауатты менеджмент үлкен рөл атқарады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС биыл локомотив жұмысының өнімділігін және жүк тасымалының тиімділігін арттыру бағытында бірқатар оңды шаралар қабылдаған болатын. Нәтижесі қандай?

Айталық, жүк тасымалы тиімділігін арттыру бағытында жалпы жүк тиелімінің 70% қамтитын ірі клиенттермен жұмыс жүргізіліп, оның барысында туындаған мәселені өтініш жасау – қарау – әрекет ету принципі бойынша 3 күн ішінде шешу қарастырылған. Нәтижесінде, шұғыл мәселелердің шешімі жүйеленіп, клиенттер тарапынан талап-шағым айтарлықтай азайған.

Екінші бір шара, көрші жолдардың жүктерді нақты қабылдауына байланысты тасымалдарды нақты жоспарлауға бағытталған. Соның арқасында, өткен жылға қарағанда қозғалыстан қалып қойған пойыздардың бос тұру уақытын 47%-ға немесе 40 млн вагон-сағатқа азайтуға қол жеткізілген. Бұл өз кезегінде, вагонның орташа тәуліктік өнімділігінің көрсеткішін 6,1%-ға арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Локомотив өнімділігін арттыру да жүк тасымалын ұйымдастырушы кәсіпорын үшін күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Бұл бағытта бірінші болып ауырсалмақты пойыздар санын өткен жылға қарағанда 20% немесе 9 мың пойызға арттыру қолға алынған. Атап өтерлігі, бұл шара нормадан тыс 41 млн тоннадан артық жүкті тасымалдауға мүмкіндік беріпті.

Келесі қабылданған шара – жылу тартқышпен жүретін 330 пойызды электр тартымы бағдарларына қайта бағыттау. Бұл тәулігіне орта есеппен 6,2 бірлік локомотивті үнемдеуге, локомотивтердің жеке жүрісін 235,9 мың километрге азайтуға және орташа өзіндік құнды 28%-ға төмендетуге мүмкіндік берген. Өйткені, электр тартқыштың өзіндік құны жылу тартымына қарағанда 2,3 есе төмен.

Сонымен қатар локомотивтер мен локомотив бригадаларының қызмет көрсету иіндерін ұзарту есебінен де локомотивтерді үнемдеуге қол жеткізілген. Биылғы жылдың алты айында өткен жылға қарағанда локомотивтердің тіркеу станцияларында тұрып қалуының 6,6%-ға, айналым станцияларында 2,6%-ға және бригадаларды ауыстыру станцияларында 3,2%-ға төмендеуі де тартымдық қызмет көрсетуші техниканың өнімділігін арттыра түскен. Қорыта айтқанда, тасымал тиімділігін арттыру бағытында қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты