Транзиттік дәліздер қалай дамуда?

Жүк тасымалы
11.08.2023, 09:30
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Былтыр Қазақстан темір жолы арқылы транзиттік тасымал көлемі 23,2 млн тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 10 пайызға артық. Контейнерлік тасымал көлемі 1,1 млн ЖФЭ-ге жетіп, ол да алдыңғы жылдан 6 пайызға өскен. Бұл туралы «Магистраль» сарапшылар форумында арнайы сұхбат берген «KTZ Express» АҚ сату жөніндегі басқарушы директоры Қуат Көбенов мәлімдеді.

«Транзиттік тасымал-2023: қазіргі жағдайдағы әлеует пен мүмкіндіктер» тақырыбында өткен форумда, спикер сондай-ақ биылғы алғашқы жартыжылдықта еліміздегі транзиттік тасымал көлемі 14,3 млн тоннаны құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға өскенін, ал контейнерлік тасымал 651 мың ЖФЭ-ны құрап, 26 пайыз артқанын жеткізді.  

– Қазір еліміздің аумағынан бірнеше транзиттік дәліз өтеді. Олар – Қытай-Еуропа, Қытай-Ресей, Қытай-Орталық Азия, ТМТМ, Қытай-Иран, Солтүстік-Оңтүстік. Біздің компания негізгі жүк тасымалдаушылардың бірі ретінде аталған бағдарлар бойынша транзиттік контейнерлік тасымалды жүзеге асырады. 2022 жылдың басынан бері геосаяси жағдай және санкциялық шектеулер транзиттік тасымал динамикасын әлсіретті, мысалы, Қытай-Еуропа-Қытай бағдарында биыл 6 айда контейнерлік тасымал көлемі 218 мың ЖФЭ-ны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға төмендеді. Дегенмен бұл бәсеңдеу басқа бағыттарды ішінара дамытуға ықпал етті. Логистиканы дамыту бағытында клиенттерге жаңа бағдарлар ұсынылады. Мәселен, Қытай-Ресей бағдары бойынша биыл алғашқы жартыжылдықта 1500 контейнерлік пойыз жөнелтілді. Сөйтіп бұл көрсеткіш те алдыңғы жылдан 22 есе көбейді. Бұрын Беларусь елінен Қытайға контейнерлік пойыздар сервисі Ресей арқылы өтсе, енді бұл тасымал Қазақстан арқылы ұйымдастырылады, – деді басқарушы директор.  

Спикер сонымен қатар ТХКБ бойынша транзиттік тасымал көлемі 1,3 млн тоннаны құрағанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл бағыт бойынша өтетін негізгі ағын контейнерлік емес жүктермен байланысты. Бірақ дегенмен контейнерлік тасымал жоғары бәсекелестік саласы болғандықтан оны дамытуға басымдық беріледі. Контейнерлік тасымалда көбіне теміржол теңіз бағдарымен бәсекеге түсіп жатады.  

– Былтыр ҚТЖ Әзірбайжан және Грузия теміржолдарымен бірге ТХКБ-ны дамыту аясында диспетчерлік орталық құрды. Бұл сервисті жақсартуға, жылдамдықты арттыруға септік етеді. Сонымен қатар ол пойыздар қозғалысын үйлестіріп, ақпаратты жылдам беруге ықпал етеді. Осы бағдардың тартымдылығын күшейту мақсатында контейнерлік тасымал жылдамдығын арттыру үшін желтоқсан айында Алтынкөл мен Ақтау порты арасында Шаттл пойыздар сервисі іске қосылды, – деді Қ. Көбенов.  

Ал Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіне келсек, бұл дәліз Скандинавия елдері мен ЕАЭО-ның солтүстік-батыс бөлігін Кавказ, Орта Азия арқылы Парсы шығанағы мемлекеттері және Үнді мұхитымен байланыстырады. Аталған бағдар бойынша тасымалдың әлеуетті көлемі 20 млн тоннаға жуық. Бұл дәліз бойынша 3 бағдар өтеді: Астрахань және Махачкала порттары арқылы Транскаспийлік бағдары, оның өткізгіштік қабілеті жылына – 5 млн тонна. Әзірбайжан арқылы Астара шекаралық станциясына дейінгі аралықтағы Батыс бағдары, оның өткізу қабілеті – 1 млн тонна. Үшіншісі – Шығыс бағдары Қазақстан мен Түркіменстан арқылы өтіп, жылына 6 млн тонна жүк өткізе алады.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды