Қазақстан-Беларусь: транзиттік тасымалды дамытуға мүдделі

Жүк тасымалы
05.10.2023, 14:11
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Беларусь Республикасы мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау процесінде теміржол саласының көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.  

Қазақстандық және беларусьтік бизнес өкілдері, экспорттаушылар, ірі жүк жөнелтушілер, көлік қауымдастығы мен одақтарының өкілдері қатысқан жиында жүк тасымалдауды ұйымдастырудағы өзара іс-қимылдың, Қытай-Еуропа-Қытай дәлізі бойынша, сондай- ақ Каспий теңізінің теңіз порттары арқылы өтіп, Түркия және Еуропа елдеріне бағытталған тасымалдаудың негізгі мәселелері талқыланды. Екі елдің теміржол әкімшіліктерінің негізгі міндеті жүк жөнелтушілердің мүддесі үшін инфрақұрылымдық әлеуетті дамыту, жылжымалы құрамдар сатып алу және қауіпсіз темір жол қозғалысын қамтамасыз ету болып табылатыны атап өтілді.

– ҚТЖ экспортты белсенді түрде арттыруды және контейнерлік тасымалдау географиясын әртараптандыруды жалғастыруда. Қытай, ТМД елдері және Орталық Азия бағытында контейнерлердегі қазақстандық жүктерді жеткізудің логистикалық желілері құрылды. ҚТЖ транзиттік және экспорттық тасымалдауды одан әрі дамыту үшін Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол салуда. «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін, Алматы торабын айналып өтетін айналма темір жол салу жобалары жоспарлануда, бұл транзиттік жүк ағынын жаңа қысқа бағытқа ауыстыруға және Алматы торабын орта есеппен 30-40%-ке жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қытаймен үшінші шекара өткелін және Бақты – Аягөз темір жол учаскесін салу мәселесі қарастырылуда. Тартымды жылжымалы құрамды жаңарту мәселесі шешілуде, – деп атап өтті өз сөзінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС маркетинг жөніндегі атқарушы директоры Вадим Копылов алға тартқан мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың сегіз айында Беларусь пен Қазақстан арасындағы теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі   4,7 млн тоннаны құраған, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 622  мың тоннаға немесе 15,3% артық болып отыр.  Соның ішінде Қазақстаннан экспорт – 30%, Беларусь Республикасынан импорт – 21% және де екі елдің темір жолдарының қатысуымен транзит 8% өскен.

Атап өтерлігі, Қазақстаннан көмір экспорты 950 мың тоннаны құраған, былтыр бұл жүк түрі мүлдем экспортталмапты, сондай-ақ химиялық және минералдық тыңайтқыштардың Беларусь еліне жөнелтілуі өткен жылға қарағанда 30 есе өскен. Ал елімізге аталған елден орман материалдары импортталған және өткен жылға қарағанда екі есеге артқан.

– Қазақстанның экономикалық саясатының басымдыққа ие бағыттарының бірі транзиттік көлік әлеуетін іске асыру болмақ. Бұл бағытта ҚТЖ белсенді жұмыс жүргізуде. Контейнерлік сегмент пен мультимодальды сервис тоқтаусыз дамуда. Негізгі транзиттік дәліз Қытай – Еуропа – Қытай, бұл бағдарда Қазақстан, Ресей, Беларусь үш темір жол әкімшіліктері арасында құрылған ОТЛК ЕРА бірлескен кәсіпорны табысты жұмыс істеп жатыр, – деді Вадим Копылов.

Халықаралық дөңгелек үстелдің өтуіне мүдделілік танытқан беларусьтік теміржол компаниясы өкілдері жүк тасымалы, контейнерлік жүк тиелімінің дамуы хақында  деректермен бөлісіп, екі ел арасында транзиттік көліктік тасымалды әрмен қарай дамытуға дайын екендіктерін жеткізді. Жүк жөнелтушілер де сөз алып, өздерін  толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты