Қазақстан ірі логистикалық хабқа айналады

Жүк тасымалы
24.10.2023, 09:06
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан Солтүстік пен Оңтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстыра отырып, Қытаймен шекаралас әрі аумағы үлкен құрлықішілік мемлекет ретінде халықаралық маңызға ие көліктік-логистикалық хабқа айналуға барынша күш салып отыр және оған алғышарт та жоқ емес.

«...Бүгінде Қытайдан Еуропаға жасалатын жерүсті транзиттік тасымалдың 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Көлік-транзит саласының дамуына баса мән бере отырып, соңғы 15 жылда біз осы мақсаттарға 35 миллиард доллардан астам қаражат бөлдік. Ляньюньгандағы қазақ-қытай логистикалық орталығы, «Қорғас» құрғақ порты, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға баратын теміржол дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Бейжің қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының ІІІ форумында сөйлеген сөзінде.  

Шын мәнінде, Қазақстанның Орталық Азиядағы және Каспий аумағындағы ірі көлік-логистикалық хаб болуға мүмкіндігі жоғары, әлеуеті зор. Қазір Мемлекет басшысы алға қойып отырған бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін еліміздің түкпір-түкпірінде, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы шекараларында және Каспий теңізінде көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда. Ал Транскаспий халықаралық көлік бағдары Қытайды, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрлықтағы көпіріне айналмақ және жүк тасымалдау мерзімін екі есе қысқартуға, көлік шығындарын едәуір азайтуға ықпал етпек.  

Алдағы үш жыл ішінде салынуы межеленген 1300 шақырым жаңа теміржол құрылысы, Қытаймен шекарада үшінші теміржол өткізу пунктін ашу, «Бақты» және «Қалжат» жаңа құрғақ порттарының құрылысына қатысты Қазақстанның ірі экономикалық жобалары Қытайдың жаһандық бастамасымен ұштасатынын анық көрсетеді.  

Жалпы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары арқылы жеті жылдан соң тасымалданатын транзиттік және өзге де жүктердің көлемі 20 млн тонна шамасын құрайды деп болжануда. Яғни 2030 жылға қарай аталған бағдардың өткізу қабілеті он есе артпақ.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға