ТХКБ-ға Еуропа елдері қызығушылық танытуда

Жүк тасымалы
25.06.2024, 11:16
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Румыния және Польша, Болгария елдерінің теміржол, теңіз әкімшіліктері мен логистикалық операторларының қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының жұмыс істеп жатқанына жеті жылдың жүзі болды. Бүгінде оған Австрия, Германия, Литва, Латвия, Эстония, Венгрия кіруге қызығушылық білдіріп отыр.

Шығыс-Батыс бағыты бойынша Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етуде ТХКБ рөлі жылдан-жылға арта түскен. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы жүктерді тасымалдау көлемі екі есе артып, 1,7 миллион тоннаны құраса, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға ұлғаюы байқалды және 2,76 миллион тоннаға жетті. Сондай-ақ 2024 жылдың 5 айында ТХКБ бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 1,87 миллион тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары. Румыния бағытында Құрық порты арқылы 2024 жылдың 5 айында АТС-қа 882 тонна тасымалданған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (259 тонна) 3,5 есе артық.  

2022 жылғы 25 қарашада Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арасында «тар» жерлерді синхронды жою және 2027 жылға дейінгі орта дәлізді дамыту жөніндегі жол картасына қол қойылды. Бұл дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Жол картасы шеңберінде теміржол, порт инфрақұрылымын жаңғырту және жылжымалы құрам мен сауда флотын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

«Ақтау портында «контейнерлік хаб» салынады. Бұл жоба тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Aby Dhabi Port-мен бірлесіп «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүргізілуде. Кемелердің 6 метрге кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін биыл Ақтау және Құрық порттары түбін тереңдету қолға алынған. Бұл шаралар Қазақстан порттарының өткізу қабілетін жылына 30 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – делінген министрлік мәліметінде.  

Транскаспий бағдарын дамыту барысында Қазақстан тарапынан осы дәліз арқылы шикі мұнай, мұнай өнімдері, минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы өнімдері және басқа да экспорттық жүктерді тасымалдауға баса назар аударылған. Бұл бағдардың артықшылығына келсек, бүгінде Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімі 50%-ға (35 күннен 15 күнге дейін), ал теңіз маршрутымен салыстырғанда 3 есе азайған. Сондықтан да оған көптеген елдер қызығушылық танытып отыр.  

Ұлы Жібек жолының жалғасы іспеттес Транскаспий бағдарын кеңейте түсу үшін еліміз ішкі инфрақұрылымды дамытуды қолға алған. Мәселен, 2027 жылға қарай 1300 шақырымнан астам жаңа темір жол желілерін салу жоспарлануда. Қазірдің өзінде жүк тасымалының өсу қарқынын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 4 ірі теміржол жобасын іске асыру жүргізілуде, олар «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жолдарды салу, Алматы станциясын айналып өтетін айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» жаңа желілері. Айта кету керек, бұл теміржол желілеріне 1,56 трлн теңге инвестиция тартылған.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады