ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсті

Жүк тасымалы
12.11.2024, 11:38
Оқуға 2 мин

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау мәселелері ерекше бақылауда, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды күн сайын ҚТЖ жедел астық штабы үйлестіреді. Мүдделі мемлекеттік органдармен және жүк жөнелтушілермен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі. Ақмола және Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде вагондарды уақтылы қабылдау және ресімдеу үшін жедел астық топтарының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылған.  

 Астық жүктерін үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдануда. Жаңа егіннің астығын тиімді және жеделдетіп жөнелту үшін ҚТЖ маршруттық пойыздарды қалыптастырады және жөнелтеді. Жүк жөнелтушілер біркелкі тиеуді және вагон айналымын сақтауды қамтамасыз еткен кезде жаңа егін қолда бар астық тасығыштармен, жабық вагондар паркімен-ақ әкетілетін болады. Еуропалық бағытта экспортты қамтамасыз ету үшін ҚТЖ Ресей Федерациясынан астық тасымалдаушылардың қосымша паркін тартады.

Қыркүйек-қазан айларында және қарашаның 10 күнінде ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсіп, 2,5 млн тоннадан асты.

Ел ішінде астық жөнелтілімдері 20% -ке, 534 мың тоннаға дейін өсті. Экспорт 50% -ке, 2 млн тоннаға дейін артты. Жаңа егіннің астығын дәстүрлі Орталық Азия нарықтарына жөнелту 37% -ке артып, 1,2 млн тоннадан асты. Ақтау порты арқылы Иран бағытында ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 30 есеге өсті. Ауғанстанға астық экспорты 64% - ға өсті.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті