Атырауда мұнай өнімдерінің тасымалы өсті

Жүк тасымалы
17.07.2025, 10:12
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік көрсеткіштер бойынша жарты жылды табысты аяқтады. Өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары Нелли Матаеваның мәліметі бойынша, директорлар кенесінің жоспарына сай алты айда 8 пайдалану көрсеткішінің 7-і орындалған.  

Таратып айтсақ, орташа тәуліктік тиеу 663 вагон – 101,4%. Жүктерді тиеу тоннаға шаққанда 105,2% орындалды, яғни алты айда 6685,2 мың тонна жүк тиелді. Вагонға статикалық жүктеме 100,9% орындалды; техникалық станцияда вагонның орташа тоқтау ұзақтығы – 114,4%; 1 жүк операциясындағы вагонның орташа тоқтау ұзақтығы – 103,7%; пойыздар қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы ؘ– 104,4%; орташа тәуліктік жүк түсіру 107,3 пайызға, пойыздың жалпы салмағы 101,9 % орындалды. Көрсеткіштер түгелдей жоғары. Тек техникалық жоспар бойынша 8 пайдалану көрсеткішінің біреуі, яғни статикалық жүктеме 95,5 пайыз болған. Оның себебі пропан, бутан сынды сұйытылған жүктердің басқа құймалы жүктерге қарағанда салмағы жеңіл, яғни бір вагонға статикалық салмағы 0,26 тоннаға кем болған.  

Былтырғы жылмен салыстырғанда техникалық жоспар бойынша 4 пайдалану көрсеткіші межеге жете алмаған, олар – орташа тәуліктік тиеу, жүкті тонналап тиеу, 1 жүк операциясындағы вагонның орташа тоқтау ұзақтығы және пойыздың орташа салмағы. Құлсары, Теңдік, Қарабатан станциялары бойынша жүкжөнелтушілермен жүк тиеу жөнінде жоспардың келісілмеуі, тиеуден бас тарту салдарынан жүк тиеу 17 вагон/тәулікке кем болған. Осындай себепті «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «РТС Холдинг» сынды жүк жөнелтушілерден 215 мың тонна экспорттық бағыттағы жүктер, барлығы 20 мыңнан астам вагон жүк кем тиелген. Мақат, Құлсары, Махамбет, Қарабатан, Аққыстау, Доссор, Сазанқұрақ, Мұқыр станцияларында вагондар жүк операцияларына ұзақ тұрып қалғандықтан, 1 жүк операциясындағы вагонның орташа тоқтау ұзақтығы артқан. Мәселен, Мақат станциясында «Интегра констракшн» ЖШС-ның 257 жүк вагонынан қиыршық тастың баяу түсірілуі, құмның, шпалдың, басқа да жүктердің баяу түсірілуінен вагонның станцияда тұру уақыты асып кеткен. Транзитті вагондардың жиналып қалуы, диспетчер нұсқауын күту, пойыздардың, локомотивтердің келуін күту себепті кідірістер де болған. Кейде жол бос болмайды, кейде пойыздар маршруты өзгереді, қосылатын вагондар күтіледі, т.б жағдайлар вагондардың тұрып қалуына әкеп соғады. Аймақта жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, кейбір учаскелерде жылдамдықты сағатына 40 км-ге шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолда малдың жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – жел мен жауынның да әсері болмай қоймады. Техникалық жоспар бойынша пойыздың орташа салмағы 99,9% болып жүк тиеу 3,1%-ға азайып, бос вагондардың көбеюінен 6 тонна/бруттоға кеміген.  

Дегенмен, жарты жылда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ірі жүк тиеп-жөнелтушілер, яғни ірі кәсіпорындардың жүк көлемі мол болды. «Батыс Транс Групп» мұнай өнімдерін, «Тенгизшевройл» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін, «Исткомтранс» ЖШС, «Тенгизская Транспортная Компания» мекемесі күкірт тиеген. Сондай-ақ жүк жөнелтушілер: «PTC HOLDING» мекемесі полипропилен, «Иси Гипс Индер» құрылыс жүктерін, «Индер Гипс» ЖШС мен «Индер туз компани» ЖШС өнеркәсіптік шикізат жүгін, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» сұйытылған газ жүгін тиеген. Қорыта айтқанда, биыл жүк тасымалы шынымен де артып келеді, яғни мұнай өнімдері тасымалы ұлғаяды деген былтырғы болжам шындыққа айналуда.    

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл