Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты

Жүк тасымалы
07.10.2026, 10:42
Оқуға 2 мин

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға (9,61 млн тонна) көп. Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаны құрап, 14%-ға артты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оң динамика Орталық Азия елдерінебағытталған тасымалдарда байқалады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында бұл елдерге теміржол көлігімен 5,5 млн тонна астық тасымалданды, 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 33%-ға жоғары. Негізгі көлем Өзбекстанға – 4,11 млн тонна (+44%) және Тәжікстанға – 1,18 млн тонна (+16%) тиесілі. Қырғызстанға 184 мың тонна, Түрікменстанға 30 мың тонна астық жөнелтілді.

Экспорттың басқа бағыттарында да тасымал көлемінің өсімі байқалады. Қытайға 750 мыңтонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 54%-ға көп. Ауғанстанға 762 мың тонна жөнелтілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе жоғары.

Жаңа егін жинау маусымының басталуымен астық тиеу көлемінің өсуі жалғасуда. 2026 жылғы қыркүйекте астық тиеу көлемі 1,45 млн тоннаны құрап, рекордтық көрсеткішке жетті және 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты.

Жаңа өнімді тұрақты әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі Астық штабын құрды. Штаб тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының қызметін үйлестіріп, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның дайындығын бақылайды, сондай-ақ туындаған мәселелердіжедел шешу үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Жаңа өнімді тасымалдау үшін қажетті жылжымалы құрам дайындалды. Қазіргі уақытта 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Қолда бар жылжымалы құрам астықты толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етуге жеткілікті. Қажет болған жағдайда тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды