«Цифрлық трансформация» бағдарламасы жоспарға сай жүзеге асып келеді

Цифрландыру
28.01.2022, 18:01
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Цифрлық трансформация» термині кешелі-бүгін пайда болған жоқ. Бұл тақырып ондаған жылдар бойы зерттеліп, талқыланды. 1990-шы жылдары бөлшек сауда бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық науқандар аясында алға жылжыды, бұл цифрлық трансформацияның бастауы болатын. Ал 2000 жылдардан бастап, әлеуметтік медиа платформалар мен мобильді құрылғылар қарым-қатынас пен бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті.

  Еліміздегі ірі компаниялар қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да уақыт талабына үн қосып, өзінің «Цифрлық трансформация» бағдарламасын әзірледі. Ол Ұлттық компанияның бағасын арттыру және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтеру, бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру есебінен іргелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі даму бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Атап айтсақ, олар компанияны қаржылық тәуекел аймағынан шығару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету; компанияның тиімділігін арттыру; клиенттердің сұранысын қанағаттандыру; пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру; орнықты дамуды қамтамасыз ету.

Ұлттық компанияның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы 13 стратегиялық бастамадан тұрады, оған 16 жоба мен 44 іс-шара кіреді. Осы ретте, бірқатар жобаларға ҚТЖ-ның акционері болып табылатын «Самұрық-Қазына» АҚ бастамашы болғанын атар едік. Ондағы мақсат, қормен автоматтандырылған ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, Big Data технологияларын, ақпараттық қауіпсіздікті енгізу болатын.

«Цифрлық трансформация» бағдарламасы аясындағы маңызды жобалардың көшін – «Республикаішілік қатынаста шарттық және коммерциялық жұмысты есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде тасымалдау құжаттарын ресімдеудің қағазсыз технологиясын енгізу» (ШКЖ АБЖ) жобасы бастайды. Қағазсыз технологияны енгізу клиенттер жасайтын рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетті және жүк тасымалдауды ресімдеу бойынша бизнес-процестерін оңтайландырды. Бұл клиентке ШКЖ АБЖ-да тасымалдау шарттарын жасасуға, жоспарлар үшін электрондық өтінімдер беруге, тасымалдарды ресімдеуге және кредиттеуге, жүктерді басқа мекенжайға жіберу өтінімдерін ресімдеуге мүмкіндік берді. Клиентке енді тасымалдауды ұйымдастыру үшін станцияға барудың қажеті жоқ. Басты және жалғыз шарт – тұрақты интернет-байланыстың болуы. Нәтижесінде басқа мекенжайға өтінім беру мерзімі екі күннен бір сағатқа дейін, сондай-ақ республикаішілік жөнелтілімдерді жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін айтарлықтай қысқарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша 2020 жылдың үздіктері қатарынан орын алған келесі жоба – «Магистраль» АБЖ шеңберіндегі мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасы. Осы жоба арқасында 7 бірлік МДК, яғни заманауи мобильді диагностикалық кешендер еліміздің магистральдық желісіне диагностика жасап, ультрадыбыстық және магнитті дефектоскопия, рельс бастиегі пішінінің геометриялық параметрлерін бақылау, рельстер мен бекітпелердің жай-күйін бейнебақылау, георадиолокация және тағы басқаларын жүзеге асыруда. Мәселен, 2021 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жылжымалы диагностикалық құралдармен 450 мың шақырымнан астам жол тексеруден өткізілді. Олар жолдың қауіпті жерлері мен ақаулы рельстерді уақытылы анықтауға көмектесті. Өлшеу құралдарының жоғары жұмыс жылдамдығы айына кемінде екі рет бақылауға мүмкіндік береді.

Ал келесі үздік жоба, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ІТ-шешімдерін енгізу шеңберінде іске қосылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі болатын. Бұл жүйеге компания қызметкерлерінің 97%, яғни 110 мыңнан астам қызметкері тіркелген. Бұл жүйенің арқасында ереже бұзушылық дер кезінде анықталып, жойылып келеді және инспекциясы да уақытылы жүргізіледі.

2020 жылдың «Цифрлық трансформация» бағдарламасының маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Ақтөбе қаласында Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Орал және Ақтөбе диспетчерлік учаскелерін басқаруды жолға қойып, Батыс өңірдегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығын (пилоттық жоба) іске қосуды атар едік. Орталық барлық деректерді бірыңғай «ұжымдық таблода» көрсете отырып, пойыздық жағдайға орталықтандырылған бақылауды және пойыздар қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бағдаршамдардың, бағыттамалы бұрмалардың көрсеткіштері, пойыздың жақындап қалғаны туралы ақпаратты беру және алу процесі автоматтандырылады. Бұл пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша теміржол инфрақұрылымының барлық аумағы бойынша микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыруды енгізу және ұқсас байланыс жабдықтарын жаңғырту көзделген.

Автоматтандыру әрбір өңірдегі диспетчерлік орталықтарды қазіргі жай-күйінен станцияларды қашықтықтан басқару форматына көшіре отырып, өңіраралық диспетчерлік орталықтарға біртіндеп ірілендіруге мүмкіндік береді. Бұл жол бөлімшелерін ірілендіруге және оңтайландыруға, диспетчерлік шеңберлерді ауқымдандырып, локомотивтерді ағытып алмай, қозғалыс иіндерін ұзартуға және тиісінше еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ, қолданыстағы жол бөлімшелерінің локомотив паркін ұстауға арналған шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол бөлімшелерінің басшылық құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының санын оңтайландыру, қызметкерлерге жұмсалатын еңбекақы қоры шығыстарын қысқартады. 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын жобадан келіп түсетін экономикалық тиімділік алдын ала жасалған болжам бойынша шамамен 30 миллиард теңгені құрайтынын айтады трансформациялау блогының мамандары.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында өндіріске енгізіліп жатқан келесі бір сандық жүйе, ол – пойыз машинистеріне арналған мобильді қосымша. Оның негізгі міндеті – тиімділікті арттыру және локомотив бригадаларының жұмысын жеңілдету. Мобильді қосымша бірнеше бөлімнен тұрады. Қосымша арқылы сапарға тағайындалған келу күні мен уақыты туралы хабарламалар келіп түседі. Қосымша қызметтерінің бірінде машинистің рейтингі автоматты түрде жүргізіледі. Бағалаудың негізгі критерийлері: қауіпсіздік пен ескерту талондары бұзылуының болмауы, локомотивті басқару кезінде отын немесе электр шығыны туралы мәліметтер және басқалар. Жүйе медициналық тексеруден өткені туралы ақпаратты қамтиды, машинистке психологиялық тексеруден немесе медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы ескертеді.

Қосымша арқылы машинистер тартым құрамының жағдайына мониторинг жүргізеді, оны бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Локомотивтің электрондық борттық журналына фото, бейне файлдармен бірге сын-ескертпелер енгізіледі. Содан кейін деректер локомотивтің электронды паспортына жіберіледі, онда сапарлар мен жөндеу тарихы, ТЭР шығыны туралы деректер жазылады.

Қосымшада локомотив рейтингі, сенімділік, тозу есебі жүргізіледі, ақпараттық блок қарастырылған: арнайы таспа- да компания бойынша соңғы жаңалықтар орналастырылады.

Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі