Станцияларда жарықдиодты шамдар кеңінен қолданыла бастады

Цифрландыру
06.09.2022, 09:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылғыларды жаңартып отырудың маңызы зор. Электрмен жабдықтау саласы бойынша соңғы жылдары өндіріске жаппай пайдаланыла бастаған жарықдиодты шамдар қауіпсіздігімен қоса тиімді әрі қуат үнемдеуде ұтымдылығымен ерекшеленеді.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің СОБ және электрмен қамту бөлімінің бастығы Амангелді Бержановтың айтуынша, 2022 жылдың 8 айы ішінде Атырау және Ақжайық белгі беру және байланыс дистанцияларында өндірісті автоматтандыру, озық технологияларды өндіріске енгізу қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Мақат-Сағыз телімінің Жамансор, Кенбай, 377-бекеттерінде, Атырау-Қиғаш телімінің Афанасьев, Аққыстау, Исатай, Д. Нұрпейсова, Қызылжар, Бақсай бекеттерінде бағдаршамдардың көрінуін жақсартып және пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескі ЖС-12/12, ЖС-12/25 шамдарын жарықдиодты ССС шамдарына ауыстыру жұмыстары жүргізілген.

– Бұл өз кезегінде өндіріске оң әсерін  байқатып, қауіпсіздіктің сенімділігін арттыра түсті. Станцияларда қозғалыс және еңбек қауіпсіздігінің сақталуына пайдасы зор болып отыр. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра түсу мақсатында Атырау электрмен жабдықтау дистанциясында Мақат, Доссор, Қарабатан станцияларының перрондарына 60 дана жарықдиодты шам сатып алынды, – дейді Амангелді Бержанов.  

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында 2022 жылдың 3-ші тоқсанына жоспарланған Атырау-Қиғаш телімінде Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған 6 дана жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады