Жабдықтарды жаңғырту ісі қалай жүріп жатыр?

Цифрландыру
23.12.2022, 09:46
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің 2018-2023 жылдар аралығын қамтитын «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы – ПБО» инновациялық жобасы бар. ҚР ИИДМ «Теміржол инфрақұрылымын 500 күнде цифрландыру» бағдарламасына және «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Цифрлы трансформация» іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жоба, сайып келгенде, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, қолданыстағы релелік және баламалы жүйелерден жоғары сенімді микропроцессорлық және цифрлық жүйелерге көшуге, аз қызмет көрсетілетін жабдықты енгізу есебінен жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталып отыр. ПБО жобасы шеңберінде Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік өңірлері бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың үш өңірлік орталығын құру көзделген. Және бұл жағдайда жол бөлімшелерінен пойыз диспетчерлері мен өзге де оперативті қызметкерлердің қоныс аударуы қарастырылған.  

– Компания басшылығы Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаменті (ЦШ) алдына өңірлік ПБО-ларды құрумен қатар қысқа уақытта аталған ӨПБО-ларды оперативті-технологиялық байланыс (ОТБ) және радиобайланыспен қамтамасыз ету міндетін қойды. Осыған байланысты белгі беру және байланыс дистанцияларының қызметкерлері өндірістік зауыттардың мамандарын тарта отырып, өз күштерімен Ақтөбе қаласында 2020 жылы ӨПБО-1-де, 2021 жылы Алматы қаласында ӨПБО-2-де, 2022 жылы Астана қаласында ӨПБО-3-те оперативті-технологиялық байланыс сәтті ұйымдастырылды. Оперативті-технологиялық байланыс және ӨПБО-ларда радиобайланысты ұйымдастыру кезінде ЦШ департаментінің мамандары белгі беру және байланыс дистанцияларының қызметкерлерімен бірлесіп, барлық жол бөлімшелерінен ОТБ жабдықтарын бөлшектеу, оларды вагон-летучкалармен ӨПБО-ларға жеткізіп, орнату бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Байланысты ұйымдастыру сызбасының өзгеруіне және диспетчерлік шеңберлердің біріздендірілуіне байланысты ОТБ жабдықтарының конфигурациясына өзгерістер енгізу үшін ОТБ жабдықтарын өндіруші зауыттардың білікті мамандары тартылды, – дейді аталған департаменттің менеджері Талғат Орынбасаров.  

Оның айтуынша, ПБО-ның маңызды жобаларының бірі – «Линиялық-аппараттық залдарды жаңғырту» жобасы. Қысқаша ЛАЗ деп аталатын линиялық-аппараттық залдар – «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін жедел-технологиялық және басқа да байланыстың барлық түрлерін қамтамасыз ететін ірі байланыс тораптары болып табылады. Онда жоғары жиілікті телефония жабдықтары орналасқан, арналардың түзілімін жүргізетін, яғни барлық станциялық арналарды ауыстырып қосуды, тарату, қабылдау және көрші аудандарға беру жүзеге асырылады. Осы ретте ЛАЗ-дағы байланыс желілері жоғары эксплуатациялық шығындарды талап ететін және өткізгіштігі мен берілетін ақпарат сапасы бойынша саланың заманауи қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын баламалы аз каналды, энергияны көп қажет ететін жабдықта салынғанын айтар едік. 1960-1980 жылдары шығарылған канал түзуші аппаратураның физикалық тозығы жеткен, оларға қосалқы бөлшектер өндірілмейді, сондықтан жөндеуге келмейді. Ал қосалқы бөлшектердің ауыстырылатын қорының болмауы әрі техникалық құралдардың толық физикалық тозуы канал түзуші құрылғылардың сенімділігін қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл өз кезегінде байланыс беру кезінде үзілістерге және кедергілерге әкелері анық.  

Осыны ескере отырып, мамандар бұрынғы жедел және технологиялық коммуникацияларды жаңғыртуға байланысты байланыс арналарының бір бөлігін «Транстелеком» АҚ жабдықтарында ұйымдастырды. Осыған байланысты шағын және аралық ЛАЗ-ды одан әрі оңтайландыра отырып, қолданыстағы 127 ЛАЗ-дан 49 ірі ЛАЗ-ды (магистральдық желі тармақтарында, тораптарда, шекарада) жаңғырту туралы шешім қабылданды.  

Бүгінгі таңда 35 ЛАЗ жаңғыртудан өтті. 2023 жылы қалған 14 ЛАЗ-ды жаңғырту жоспарланып отыр. ЛАЗ-ды жаңғырту аясында балама жабдық герметикалық аймақ пен климаттық бақылау жүйесі орнатылған икемді мультиплексорлар негізіндегі цифрлық байланыс жабдығына ауыстырылуда. ЛАЗ-дағы кезекші электромеханик басқару және бақылау жүйесі бар автоматтандырылған жұмыс орнымен, сондай-ақ барлық қажетті өлшеу құралдарымен және аспаптарымен жабдықталған. Ал аз қызмет көрсетілімін қажет ететін цифрлық байланыс жабдығын орнату, барлық қажетті ақпаратты ӨПБО-ларға және бөлімшелік ЛАЗ-дарға шығару арқылы байланыс электромеханиктерінің тәулік бойы жұмыс істеуін (магистральдық желі тармақтарындағы ЛАЗ-дан басқа) жоюға, сондай-ақ 200 адам көлемінде 107 станциядағы байланыс электромеханиктерінің санын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 

Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады