Raisekom сандық технологиясы қолданысқа енгізілгелі байланыс сапасы артты

Цифрландыру
07.04.2023, 11:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында жоғары жиіліктегі Raisekom (Роиском) заманауи байланыс құрылғысы аймақта алғаш рет қолданысқа енгізілген.

Роиском талшықты-оптикалық сандық байланыс жүйесі болашақта бүгінгі қолданыстағы әуе желілік, К-60П және магистральдық байланыс жүйелерін заман талабына сай алмастыруы мүмкін. Заманауи байланыс құрылғысының жұмысымен таныстырған дистанцияның инженерлері Нұрлан Аймахан, Нұрлан Жүсіпбаев және аға электромеханик Жарқынбек Әділбеков сандық технологияның Арыс – Қызылорда және Қызылорда – Ақтөбе станциялары арасындағы байланыс желілерінің дәл, анық, жылдам әрі сапалы сигнал тарату үшін қолданысқа енгізілгенін жеткізді.

Және де секундына 2 мегабит жылдамдықта жұмыс жасап тұрған Роиском сандық байланыс жүйесі қай жағынан да болсын артықшылығын дәлелдеген. Цифрлы технология емес пе?! Сапалы, үнемді, икемді, жарамды заманауи құрылғының алдағы уақытта қолданыс аясын кеңейту күтілуде екен.  

– Роиском сандық технологиясы қолданысқа енгізілгелі байланыс желілерінің сапасы мен жылдамдығы анағұрлым артты. Заманауи құрылғы болғанымен осыған дейін қолданыста болған құрылғылар негізінде жұмыс жасағандықтан біздің мамандар тез игерді. Әрине, мамандарымыз арнайы оқу курсынан өтіп, тәжірибелерін шыңдады, – деді дистанцияның аға электромеханигі және ауысым басшысы Жарқынбек Әділбеков.

Талшықты-оптикалық, жоғары жиілікті, заманауи сандық технологияның «тілін тауып», бүгінде өзгелерді оқытып та жатқан мамандар қатарында дистанцияның кезекші механиктері Айнұр Елеуова, Сәбира Алдаберген және Жұмагүл Әбдіреева бар екен. Жаңа технологияның технологиялық талаптарға сай жұмыс жасауы үшін қажетті байланыс тетіктері іске қосылған. Өнім Қытайда өндірілгенмен, оны өткен жылдың соңында монтаждап іске қосу жұмыстарын жергілікті мамандар жүргізген.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда