Алматыда IV Еуразиялық форум өтіп жатыр

Цифрландыру
13.10.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгін Алматыдағы Логистика және көлік академиясында IV Еуразиялық форум өз жұмысын бастады. Өзара байланыс, пікірталас және тәжірибе алмасудың тиімді алаңы ретінде танылған форум темір жол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру мәселесін көтереді.   

Дәстүрлі форум жұмысына ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан темір жолдарының  өкілдері қатысады деп күтілуде.

Алқалы жиынға сонымен қатар «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» сынды көлік қауіпсіздігі мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету және салалық жоғары оқу орындары арнайы шақырылған.    

Форум жұмысы бірнеше панельдік сессияға бөлінеді. Атап айтқанда Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Теміржол саласын цифрлық трансформациялау; Инфрақұрылымды жаңғырту; Жүк вагондары, қызмет көрсету және болашағы; Локомотив паркінің жұмысы және сенімділігі; «БОРТ» қауіпсіздік аспаптарын қолдана отырып, тыйым салу сигналының өтуінің алдын алу; Көлік ғылымын дамыту және көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлауды жетілдіру тақырыптары жиынның панельдік сессияларында жеке-жеке сөз болмақ.  

Сонымен қатар дәстүрлі форум аясында көлік саласы өнімдерінің көрмесі де ұйымдастырылады деп күтілуде.  

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады