Жасыл инновацияларды енгізуде ҚТЖ-мен бірлескен жобаларымызды жалғастыра береміз – Wabtec өкілі

Цифрландыру
13.10.2023, 14:40
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Елордада өтіп жатқан Digital Bridge форумына келген Wabtec корпорациясының цифрландыру жөніндегі Вице-президенті Скотт Хорнинг ҚТЖ-мен бірлесіп атқарып жатқан жобалары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Айта кетсек, немістердің Wabtec компаниясы қуаты 6 мың аттың күшіне тең заманауи локомотив шығарады, оған қоса  жүк және жолаушылар көліктеріне арналған өнімдер өндіреді.

«Біз технология, цифрландыру төңірегінде 20 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, бұған дейін серіктес ретінде ҚТЖ-ға көмектесіп, бірлесіп жұмыс істеп үлгердік. Атап өтсем, локомотив паркін жаңғыртуда жұмыстар атқардық. Соның арқасында қазақ даласында заманауи, жоғары жылдамдықты пойыздар жүйіткіп жүр. Сондықтан ҚТЖ мен арамызда жақсы қарым-қатынас қалыптасты», – деді ол.  

Ол сондай-ақ, Қазақстан қазір локомотив паркін жаңғыртып қана қоймай, аймақтағы озық технологияларды қоданатын бірден бір елге айналғанын жеткізді. Өйткені мұнда локомотивтер шығаратын және оларды жөндеп, сервистік қызмет көрсететін өндірістік орындар ашылып жатыр.  

Мәселен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіру үшін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін "Рейсті оңтайландырушы" (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.  

Бұл контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машинистке локомотивті басқаруға көмектесетін интеллектуалды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді.  

«Қазіргі Жасыл индустрияларды енгізу мәселесі бізді одан сайын жақындастыра түсті. Өйткені Wabtec табиғатты ластамайтын локомотивтерді өндіріп жатыр. Оған қоса, цифрлық және жасанды интеллект өнімдеріміз де көп. Мұның барлығы темір жол саласының тиімді дамуына жағдай жасайды және қоршаған ортаға пайдалы. Сондықтан біз осындай серіктестік аясында жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді Скотт Хорнинг.  

Сондай-ақ ол өз сөзінде Wabtec пен ҚТЖ бірлесе отырып қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтарды нөлдік көрсеткішке дейін жеткізетін локомотивтер жасауда жетістікке жететініне сенімді екенін білдірді. Аталған компания келешекте Астанада инженерлік орталық ашуды жоспарлап отыр.  

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады