IT технологиясының көшбасшысы

Цифрландыру
08.04.2025, 08:34
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығы – теміржол көлігінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық технологиялар мен автоматтандыру жүйелерін қолдаумен және дамытумен айналысатын компанияның негізгі құрылымдық бөлімшесі. Бас есептеу орталығына жүктелген негізгі міндет – деректерді сақтау және орталықтандырылған өңдеу. Бұл өз кезегінде компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жұмысын оңтайландыруға, барлық ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

(ГВЦ/БЕО) теміржол желісін басқару процестерін автоматтандыруға байланысты бірқатар маңызды міндеттерді шешу үшін құрылған. Бұл тасымалдауды, пойыздардың қозғалысын, жылжымалы құрамды жөндеу мен пайдалануды бақылауды және басқаруды қамтамасыз ететін IT жүйелерін әзірлеуді, енгізуді және қызмет көрсетуді қамтиды. Осы орталықтың жұмысы арқылы компанияның әртүрлі департаменттері арасындағы үйлестіру үдерісі айтарлықтай жақсарып, бұл шешім қабылдау процестерін жеделдетуге және жоспарлау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беріп отырғанын атап өту керек. Әрине, Бас есептеу орталығының маңызды бағыттарының бірі – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Орталық теміржол инфрақұрылымының жай-күйін және жылжымалы құрамды бақылауға, сондай-ақ логистикалық процестерді оңтайландыруға көмектесетін мониторинг жүйелерін белсенді дамытып, қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, БЕО әзірлейтін және қолдайтын жүйелер вагондар мен локомотивтердің түзіктігін автоматты түрде бақылауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және пойыздардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Бас есептеу орталығы компанияның қаржы ағынын басқаруда да маңызды рөл атқарады. Орталық әзірлеген және қызмет көрсететін жүйелер төлемдермен, бухгалтерлік операциялармен, сондай-ақ контрагенттермен және клиенттермен есеп айырысумен байланысты деректердің үлкен көлемін өңдейді. Бұл компания қаржысына қатысты жоғары ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, орталық цифрландыру және автоматтандыру саласында жаңа технологияларды әзірлеуге және енгізуге жауапты, бұл компанияға әлемдік трендтерге ілесуге және өз жұмысында озық шешімдерді пайдалануға көмектеседі. Орталық тарапынан бұлтты технологияларды, үлкен деректерді және заманауи теміржол жүйесінің ажырамас бөлігіне айналатын жасанды интеллекті дамытуға да баса назар аударылуда. Осылайша, ҚТЖ-ның Бас есептеу орталығы ІТ-жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін және теміржол тасымалын басқару процестерін жаңғыртуға ықпал ететін компания инфрақұрылымындағы маңызды буын болып табылады. Оның тиімді жұмысынсыз Қазақстан темір жолы сияқты күрделі және көпмәселелі көлік кешенін заманауи басқаруды елестету мүмкін емес.  

Бас есептеу орталығының құрылғанына биыл – 50 жыл. Алматы және Тың темір жолдарында осы бір қызметі күрделі тың саланың құрылып-қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Михаил Каженұлы Шалабаев, Серікпай Бешенұлы Күмпейісов, Дулат Ғабдулұлы Утешов, Сәбит Нұркебайұлы Макашев сынды білімді басшылар болғанын айта кеткен жөн. Олар орталық қызметкерлері үшін Ресей мен Балтық жағалауы елдерінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, мамандар шоғырландыруда көп жұмыс атқарды. Ал Виктор Кунашук жетекшілік еткен жылдары БЕО ауқымы кеңейіп, қызметкерлер саны 200-ге дейін жеткен. Сол кездері Экспресс жүйесі енгізіліпті.  

– 2009 жылы Қонаев көшесіндегі қазіргі ҚТЖ ғимараты берілгеннен кейін, ГВЦ-БЕО филиалының ПЭВМ бөлімі мен Солтүстік РИВЦ филиалының ЛОИС бөлімінің қызметкерлерін біріктіру арқылы БЕО филиалы ішінен РОПК бөлімі құрылды. Осы ғимарат берілгеннен бастап толықтай оргтехника және дербес компьютерлердің тұрақты және үздіксіз бірқалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз еттік. Бұл кезде 3000-ға жуық тұтынушы болды. Бөлім құрылғанда 15 қызметкер болды, оның төртеуі кезекте жұмыс жасады. Олар демалыс күндері және 24 сағат үздіксіз жұмыс жасайтын КТЖ-ның диспетчерлеріне, ал қалғандары күндізгі тұтынушыларға қызмет көрсетті. Уақыт өте келе бөлімнің қызмет ауқымы кеңейе бастады. Төрт байланыс орталығы қосылды. Олардың міндеттері: тұтынушыларға жедел, тұрақты кеңес беру және белгілі ережелерге байланысты есеп берудің қажетті функцияларын қосу; атап айтқанда, корпоративтік почта, интернет желісі, параграф, юрист, қашықтықта жұмыс жасау VPNRemote, ҚР бойынша Office 365 және kip сайтындағы бөлімдердің анықтамаларын қосу және т.б. Оған қоса, компанияның еншілес ұйымдарымен жұмыс істеп, көптеген тұтынушылардан өтінім қабылдап, тіркеу, – дейді орталық қызметкері Бақыт Ердібаев.  

ҚТЖ еліміздегі жұмыс беруші ірі компания болғандықтан күн сайын онлайн және офлайн жиналыстар толастаған емес. Осынау жиындар өтетін залдарда телевизорларға микрофондарды, камераларды, ноутбуктарды жалғап, слайдтар көрсету және Zoom бағдарламасы арқылы жиналыстарды өткізу, т.т. жұмыстарды осы Орталық мамандары қамтамасыз етеді. Соңғы уақытта Орталық функциясына инновациялық кабинет те қосылған. Ол жерде кең ауқымды маңызды кездесулер өтіп тұрады.  

Иә, «Елу жылда – ел жаңа» демекші, бүгінгі Орталық жарты ғасыр бұрын құрылып, жұмысын нөлден бастаған құрылымнан мүлде бөлек, жаңа заман талабына, жаңа технологиялық дамуға байланысты шарықтап өскен, білімді, дарынды мамандары IT саласына революциялық шешімдер енгізіп отырған көшбасшы.  

 

Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады