"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және Huawei Technologies компаниясы теміржол саласын цифрлық трансформациялауға және Қазақстанда зияткерлік логистиканы дамытуға бағытталған стратегиялық әріптестікті нығайтуды жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жаһандық технологиялық көшбасшымен ынтымақтастық ҚТЖ-ның негізгі процестеріне — көліктік басқару мен жылжымалы құрамды мониторингілеуден бастап киберқауіпсіздік, деректерді талдау және өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелеріне дейін (LTE-R; ақылды станция; соңғы миль; Облако-2 жобасы; критикалық бизнесті резервтеу үшін екінші алаң салу, қажетті АТ жүйелерін іске қосу, озық АТ-шешімдерді енгізу үшін инфрақұрылымды кеңейту; жасанды интеллект; интеллектуалды басқару орталығы (IOC) және басқалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан үшін бұл жай ғана технологиялық жаңарту емес. Huawei-мен серіктестік: тасымалдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, жеткізу шығындары мен уақытын азайтуға, елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге, жоғары технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын құруға, білікті АТ-кадрларын даярлауға ықпал етеді.
ҚТЖ-ны цифрландыру Қазақстанның Еуразияның транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын күшейтеді, темір жол инфрақұрылымын жаһандық логистикалық сын-қатерлерге бейімдейді және халықаралық әріптестер үшін сұранысқа ие етеді.