Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек

Цифрландыру
20.02.2026, 08:58
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ҚР Көлік министрлігі электрондық «Теңіз бірыңғай терезесін» құру жобасын пысықтауда.

Жоба теңіз порттарында кемелердің кіруін/шығуын ресімдеу кезінде көптеген қағаз құжаттарды электрондық хабарламалармен ауыстыруды көздейді және 2025-2027 жылдарға арналған көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша Жол картасында бекітілген.  

Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) көмегімен жобаға техникалық тапсырма дайындау үшін халықаралық деңгейдегі сарапшылар арасында конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып Maritime Single Window (Теңіз бірыңғай терезесі) бойынша практикалық және халықаралық деңгейде стандарттарды пайдалану жөніндегі FAL Конвенциясының талаптарын білу тәжірибесі бар Nexhat Capidani анықталды.  

2026 жылғы 9-11 ақпан аралығында Астана қаласында мемлекеттік органдар жүйелерінің интеграциясы және функционалдық үйлесімділігі бойынша теңіз өткізу пункттеріндегі бақылау-қадағалау органдарының талаптарын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өтті.  

12-13 ақпан аралығында Ақтау және Құрық порттарында цифрландыру, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және «Теңіз бірыңғай терезесін» енгізу есебінен теңіз порттарында кемелерді өңдеу уақытын қысқарту мәселелері бойынша стейкхолдерлермен жұмыс кездесулері өтті.  

«Теңіз бірыңғай терезесін» құру жөніндегі жұмыс Транскаспий бағытын дамытудағы, теңіз порттарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, сауда және көлік рәсімдерін одан әрі жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті