KTZ HSE ISPB мобильдік қосымшасы іске қосылған

Цифрландыру
05.05.2020, 11:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында жөндеу жұмыстарының жоспарын 100 пайызға орындады. Қазіргі төтенше жағдай кезінде де теміржолшылар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтап жұмыстарын жалғастыруда.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты дистанцияда бүгінде басшылық құрам жеңілдетілген кестеге, инженерлер, техникалық оқыту шебері, техникалық бөлім басшысы, еңбек қауіпсіздігін қорғау маманы қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Ал өндіріспен тікелей жұмыс істейтіндер өз орындарында. Теміржолды электрмен жабдықтау ісін бір сәтке де тоқтатпай, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сұлтанбек Қонаевтың мәліметінше, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында мекемеде 3924,5 км А/Б және ПЭС желісі тексеріліп, 40 км АС-35, АС-50 типті желісі, ШС-10 маркалы оқшаулағыштың 16 данасы, РЛНД-10 2 данасы, сонымен қатар ағаш бағандардың 7 данасы тексеріліп, ауыстырылған. Нәтижесінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі жақсарып, жыл басынан бері АЛСН, СЦБ ақаулары тіркелмеген.

− Дистанцияда өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін қажет шаралардың барлығы қарастырылуда. Техникалық сабақтар жоспарға сәйкес, тек қазіргі төтенше жағдайға орай онлайн түрде өтуде. Сондай- ақ, «Қауіпсіздік – тәртіп диалогы», «Жұмыстарды тоқтату», «Салдарсыз төтенше жағдайлар» оқу курстары жүргізілуде. Курстың мақсаты – біздің таңдауымызға және әрекетімізге әсер ететін жауапкершілігімізді сезіну деңгейін ортақ мақсатымыз етіп қауіпсіздікке деген көзқарасты арттыру. Жеке қауіпсіздікке қатысты қайшылықты жағдайды қарастырып, күнделікті қауіп-қатерлер туралы хабардар болу, бір-біріне қамқорлық жасауға және көмек қажет болған кезде дайын болатын қарым-қатынасты орнату, жеке қауіпсіздікке әсер ететін барлық әрекеттерге дайын болу тағысын тағы. Аталған оқу курсы компания басшылығы үшін еңбекті қорғау саласындағы құзыреттілікті арттыру мен қажетті дағдыларды дамытуды көздейді, қызметкерлермен байланыс жоспарын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділігін көрсетуге арналған практикалық құралдарды қамтиды, – дейді дистанция бастығы.

Толықтыра кетейік, қауіпсіздік бойынша тәртіп диалогы (ҚТД) - қызметкердің өндірістік тапсырманы орындау кезіндегі іс-әрекетін, оның жұмыс учаскесін, орнын бақылауға және қызметкер мен басшы арасында кейінгі сөйлесуге негізделетін интерактивті, жүйелі және құжатталған процесс. Осыған байланысты қазірде KTZ HSE ISPB мобильдік қосымшасы іске қосылған.

Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының жұмысшылары бұл қосымшаға наурыз айында тіркелді. Ол үшін олар алдын ала арнайы оқу курсынан өтті. Бүгінде дистанциядағы 202 адамның барлығы жаңа мобильді құрылғымен жұмыс істеуде. Осы арқылы айына төрт рет мекеме басшысы жұмысшылармен диалог жүргізеді. Бұл дистанцияға қарасты алыс-жақын телімдердегі электрмен жабдықтау мекемелерінде еңбек ететін жұмысшылармен байланыста тиімді құралға айналуда.

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының құрамына Бейнеу, Бейнеу-Тассай, Шетпе, Сай-Өтес, Өзен, Маңғыстау электрмен жабдықтау аудандары және Жетібай, Қарақия, Болашақ Бопай, Үстірт, Оазис, Тұрыш, Құрсай, №10 бекет монтерлік пунктері кіреді. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті