Цифрлық трансформация – сала дамуының негізгі тренді

Цифрландыру
25.06.2021, 14:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бизнесті трансформациялау – бұл тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және табыс табуды молайтуға бағытталған терең, жүйелі және дәйекті өзгерістер. Бизнесті трансформациялау идеясы алғаш рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050 стратегиясы» жолдауында қозғалып, онда Тұңғыш Президент әлем белсенді түрде трансформацияланып жатқанын және бұл өзгерістердің жылдамдығы адамды таңқалдыратынын жеткізді. 2014 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске қосылып, ол Ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на да таралды.

«Цифрлық трансформация» бағдарламасы – Ұлттық компанияның бағасын арттыру және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтеру, бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру есебінен іргелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағыттала отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі Даму бағдарламасында белгіленген келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

Атап айтсақ, олар компанияны қаржылық тәуекел аймағынан шығару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету; компания- ның тиімділігін арттыру; клиенттердің сұранысын қанағаттандыру; пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру; орнықты дамуды қамтамасыз ету. Ұлттық компанияның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы 13 стратегиялық бастамадан тұрады, оған 16 жоба мен 44 іс-шара кіреді. «2019 жылдан бастап компания «Цифрлық трансформация» жаңғырту бағдарламасының 60 түрлі жобасы мен іс-шарасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады және компанияның операциялық тиімділігін, құнын және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған», – дейді Компанияның «Бизнесті трансформациялау орталығының» директоры Серік Қандықбаев. Оның айтуынша, бірқатар жобалар мәресіне де жеткен. Мәселен, «KTZE және Қазтеміртранстың маркетинг пен сатудың жаңа моделін енгізу (қайта жүктеу)», «Жүк вагондарын сервистік қызмет көрсетуге беру», сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ІТ-шешімдерін енгізу», «Магистраль» АБЖ шеңберіндегі мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобалары аяқталып, нәтижелері операциялық қызметке беріліпті. Ал, соңғы екі жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша 2020 жылдың үздік жобалары деп танылған. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БЕС БАҒЫТ «Цифрлық трансформация» бағдарламасы аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да іске асқан маңызды жобалардың біріне – «Республикаішілік қатынаста шарттық және коммерциялық жұмысты есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде тасымалдау құжаттарын ресімдеудің қағазсыз технологиясын енгізуді» (ШКЖ АБЖ) атар едік. Қағазсыз технологияны енгізу клиенттер үшін рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетіп, жүк тасымалдарында тасымалдауды ресімдеу бойынша бизнес-процестерді оңтайландырды. Бұл клиентке ШКЖ АБЖ-да тасымалдау шарттарын жасасуға, жоспарлар үшін электрондық өтінімдер беруге, тасымалдарды ресімдеуге және кредиттеуге, жүктерді басқа мекенжайға жіберу өтінімдерін ресімдеуге мүмкіндік берді. Клиентке енді тасымалдауды ұйымдастыру үшін станцияға барудың қажеті жоқ. Басты және жалғыз шарт – тұрақты интернет-байланыстың болуы. Нәтижесінде басқа мекенжайға өтінім беру мерзімі екі күннен бір сағатқа дейін, сондай-ақ республикаішілік жөнелтілімдерді жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін айтарлықтай қысқарды, – дейді жобаның тиімділігі туралы орталық басшысы. Ұлттық жүк тасымалдаушы операторы қызметін атқарып отырған кәсіпорын 2021 жылға арналған дамудың бес стратегиялық секторы, клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру және кірістілікті (тиімділікті) арттыру бойынша теміржол жүк тасымалын жаһандық трансформациялауға бағытталған топ-30 бастаманы (10 жоба және 20 негізгі міндет) әзірлепті. Бастамашы жобалар шеңберінде клиенттерге қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары және озық IT-технологиялар енгізілмек. Сонымен қатар тасымалдарды ұйымдастырудың бизнес-процестері оңтайландырылып, автоматтандырылса, өзіндік құн қысқартылып және залалды учаскелер жойылмақ. – Бүгін біз үшін орталық аппарат пен филиалдарда жоғары нәтижелерге бағытталған жұмысты ұйымдастыру маңызды. Технологиялық процестерді жүйелеу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге, негізгі бөлімшелер мен қосалқы қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жолға қоюға, бөлімшелер функцияларының қайталануын болдырмауға уақыт аз жұмсалады. Жүк тасымалдары секторында бәсекелестік орта жағдайында табысты жұмыс істеуге қабілетті маркетинг, IT блогын күшейте отырып, ұйымның оңтайлы құрылымы әзірленетін болады. Цифрландыру – дамудың негізгі трендіне айналады. Ақпараттық технологиялар деректерді өңдеу жылдамдығы мен сенімділігін арттырады, адам факторының қатысуын азайтады, өнімділікті арттырады. Жалпы, бұл қадамдардың барлығы кәсіпорынның тиімділігі мен табыстылығын арттыруға бағытталған. Алдын ала есептеулер бойынша, аталған топ-30 бастаманы іске асырудың экономикалық тиімділігі 50 млрд теңгеден асады, – дейді Серік Қандықбаев. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандарының айтуынша, топ-30 бастама шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үлгі боларлықтай етіп, барынша тиімді ұйымдастыру жоспарлануда, кейін олардың эталондық үлгісін басқа құрылымдарда қолдану көзделген. Олардың арасында Семей, Өскемен локомотив деполары, Алматы, Атырау вагон деполары және Шымкент, Қостанай жол бөлімшелері бар. Үлгілі кәсіпорын – бұл ең алдымен көрсеткіштер бойынша көшбасшы кәсіпорын. Теміржол көлігіндегі негізгі көрсеткіш – бұл еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, соған ерекше назар аудару керек. «Үлгілі кәсіпорындар» жобалары шеңберінде өндірістік көрсеткіштерге қатысты ең озық технологиялар енгізіліп, өндірістің әрбір жекелеген учаскелері пысықталады, сондай-ақ, шығындар қысқартылып, технологиялық процестер оңтайландырылады. Үлгілі құрылымдарға қойылатын негізгі талаптар сенімділік, тиімділік, автоматтандыру. Жобалар периметріне қатысу үшін құрылымдарды іріктеу – Қазақстанның барлық өңірлерін барынша және бір мезгілде іске қосу үшін олардың географиялық орналасуын ескере отырып, сондай-ақ, бәйгелестік қағидатын қамтамасыз ету үшін кемінде екі кәсіпорынның бір жобаға қатысуы үшін жүргізілді. Үлгілі бөлімшенің табысты даму тәжірибесі басқа деполарға, жол бөлімшелеріне көшіріліп таратылатын болады. ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЛЕГІ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша 2020 жылдың үздіктері қатарынан орын алған «Магистраль» АБЖ шеңберіндегі мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасына келсек, осы жоба арқасында 6 бірлік МДК, яғни заманауи мобильді диагностикалық кешендер еліміздің магистральдық желісіне диагностика жасап, ультрадыбыстық және магнитті дефектоскопия, рельс бастиегі пішінінің геометриялық параметрлерін бақылау, рельстер мен бекітпелердің жай-күйін бейнебақылау, георадиолокация және тағы басқаларын жүзеге асыруда. Мәселен, 2020 жылы МДК 277 мың шақырымнан астам жолды өлшеп, 1630 аса қауіпті рельстерді анықтаған. Ал екінші үздік жоба, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ІТ-шешімдерін енгізу шеңберінде іске қосылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі болатын. Бұл жүйеге компания қызметкерлерінің 97%, яғни 110 мыңнан астам қызметкері тіркелген. Бұл жү- йенің арқасында 11 мыңнан астам ереже бұзушылық анықталып, 6 мыңнан астам бұзушылық жойылды, 6 мыңнан астам қауіпсіздік диалогы және 6,5 мыңнан астам инспекция жүргізілді. 2020 жылдың «Цифрлық трансформация» бағдарламасының маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Ақтөбе қаласында Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Орал және Ақтөбе диспетчерлік учаскелерін басқаруды ауыстыра отырып, Батыс өңірдегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығын (пилоттық жоба) іске қосуды атар едік. Орталық барлық деректерді бірыңғай «ұжымдық таблода» көрсете отырып, пойыздық жағдайға орталықтандырылған бақылауды және пойыздар қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бағдаршамдардың, бағыттамалы бұрмалардың көрсеткіштері, пойыздың жақындап қалғаны туралы ақпаратты беру және алу процесі автоматтандырылады. Бұл пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша теміржол инфрақұрылымының барлық аумағы бойынша микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыруды енгізу және ұқсас байланыс жабдықтарын жаңғырту көзделген. – Автоматтандыру бізге әрбір өңірдегі диспетчерлік орталықтарды қазіргі жай-күйінен станцияларды қашықтықтан басқару форматына көшіре отырып, өңіраралық диспетчерлік орталықтарға біртіндеп ірілендіруге мүмкіндік береді. Бұл жол бөлімшелерін ірілендіруге және оңтайландыруға, диспетчерлік шеңберлерді ірілендіруге, локомотивтердің ағытып алмай қозғалыс иіндерін ұзартуға және тиісінше еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ, қолданыстағы жол бөлімшелерінің локомотив паркін ұстауға арналған шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол бөлімшелерінің басшылық құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының санын оңтайландыру, қызметкерлерге жұмсалатын еңбекақы қоры шығыстарын қысқартады. 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын жобадан келіп түсетін экономикалық тиімділік алдын ала жасалған болжам бойынша шамамен 30 миллиард теңгені құрайды, – дейді Серік Қандықбаев. Ал «Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі» жобасын іске асыру өткен жылы электр энергиясын көтерме бағамен сатып алу есебінен 8,2 миллиард теңгеден астам жанама пайда алуға мүмкіндік берген. Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Цифрлық трансформация» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның таза пайдасы 19,991 миллион теңге шамасын құрады.

Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр
Жаңалықтар
28.06.2024
Өзбекстанда қалыпты ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығы төмендейді
Жаңалықтар
28.06.2024
ҚТЖ алаяқтық фактілері туралы ескертті