Цифрлық трансформация – тасымалды тиімді ұыймдастыру тетігі

Цифрландыру
02.08.2021, 09:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС еліміздегі жүк тасымалын ұйымдастырушы ірі оператор. Уақыт ағымына сай қызметін икемдей түскен бұл кәсіпорынның қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Әсіресе, «Цифрлық трансформация» бағдарламасы үлкен қозғаушы күшке айналып отыр. Қазіргі уақытта «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 2021 жылға арналған дамудың бес стратегиялық секторы, клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру және кірістілікті һәм тиімділікті арттыру бойынша теміржол жүк тасымалын жаһандық трансформациялауға бағытталған топ-30 бастаманы, яғни 10 жоба және 20 негізгі міндетті әзірлеген болатын. Бастамашы жобалар шеңберінде клиенттерге қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары мен озық IT-технологиялар енгізілуде. ІТ-жүйе- лердің көмегімен пойыздардың қозғалыс кестесі жасалып, пойыздардың тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстардың шығыны есепке алынуда, сонымен қатар тасымалдау жоспары және тұтастай алғанда станциялардың, локомотив және вагон шаруашылықтарының жұмыстары ұйымдасты- рылып, ІТ-платформалар жүк жөнелтушілермен де өзара іс-қимылды жеделдете түскен. Мәселен, еліміздің 456 жүк станциясын және шекаралық 15 түйісу пунктін қамтып отырған «Шарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесін алатын болсақ, ол республикаішілік және халықаралық қатынастарда тасымалдау құжаттарын ресімдеудің қағазсыз технологиясын енгізуге мүмкіндік берді. Бүгінде бұл жүйені 51 мың адам пайдаланып отыр. Олардың басым бөлігін ҚТЖ клинеттері құрайды.

«Темір жол клиенттерге жақындай түсуде. Клиенттер мен шарттарды тіркеу онлайн-режимде жүзеге асырылады. Жүйе «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның клиенттерінің жүк тасымалдарын ұйымдастыру және орындау саласындағы қызметтерінің өзара іс-қимылын жеңілдетті. Клиентке енді тасымалдауды ұйымдастыру үшін станцияға барудың қажеті жоқ. Жалғыз шарт – тұрақты интернет-байланыстың бо- луы. Нәтижесінде басқа мекенжайға өтінім беру мерзімі екі күннен бір сағатқа дейін, сондай-ақ республикаішілік жөнелтілімдерді жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін қысқарды», – дейді аталған жүйеге қатысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов.

ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУ: ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҚТАР «ҚТЖ-Жүк тасымалы» серіктестігінің эко- номикалық тиімді цифрлық жобаларының қатарына «Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталықтарын құру» жобасы кіреді. Біріншіден, ол пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады, екіншіден, транзиттік пойыздардың маршруттық жылдам- дығын арттырып, сондай-ақ, локомотивтер мен вагондарға «қызмет көрсету иіндерін» ұлғайтады. Ал бұл өз кезегінде теміржол көліктерінің кідірісі мен жолдағы техникалық тексеру уақытын қысқартады. Жоба шеңберінде жылжымалы құрамның жай-күйін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Ол жылжымалы құрам бойынша ақпаратты орталықтан бақылауға, жинауға, өңдеуге және диспетчерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарының мониторларына шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінде Батыс аймақ бойынша өңірлік орталық Ақтөбе қаласында жұмыс істеп жатыр, оған Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерінің диспетчерлері көшірілді. ОТЫН ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ШЫҒЫНЫН АЗАЙТУ Трансформациялау бағдарламасының шең- берінде іске асырылып жатқан 10 жобаның бірі – тартымдық жылжымалы құрамдар тұтынатын отын мен электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайту. Адам факторының араласуына жол бермейтін жаңа тәсіл, ол локомотивтерді жабдықтау процесін бақылау және автоматтандыру болып отыр. Яғни, рейс алдында депода тепловоздарға жанар-жағармайды құю жабық жабдықтау жағдайында іске асады. Арнайы орнатылған жабдық тепловоз багына құйылып жатқан отынды автоматты түрде есепке алса, тепловозда отынды мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтауға мүмкіндік беретін «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі пойыздардың тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстардың шығынын есепке алады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандары ЭДТ АБЖ және ТЭА отын-үлестіру колонкаларынан алынған деректерді салыстыру арқылы көрсеткіштер арасында қандай да бір сәйкессіздік болып жатса, анықтап, тиісті шаралар қабылдауға болатынын айтады. Демек, бұл жұмыстар дизель отынын пайдалану кезінде бақылауды күшейтіп, оның ұрлануын іс жүзінде жойып және дизель отынын сатып алуға арналған шығыстарды қысқарта түспек. ЛОКОМОТИВТІ «БІР АДАМ» БАСҚАРУ ЖОБАСЫ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС трансформациялау бағдарламасы шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатын көздейтін тағы бір жоба – пойыздарды бір адам басқару жобасы. Құрамдарды басқарудың жаңа режимі бойын- ша машинистер маневрлік және жолаушылар қозғалысында пойыздарды көмекшісіз жүргізетін болады. Локомотивтер басқарылымын «бір адамға ауыстыру» жобасының жетекшісі Иван Костыря машинистердің тапсырманы орындайтынына сенімді.

«Технологияны дамыту және инновацияларды енгізу арқылы локомотивті «бір адамның» басқаруына көшіруге нақты мүмкіндік туып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде машинистер пойыздарды көмекшісіз жүргізеді», – дейді ол.

Жоба пилоттық режимде жекелеген деполарда сынақтан өткізіледі. Оның қатысуына біліктілігі жоғары тәжірибелі машинистер тартылмақ. Жолаушылар қозғалысында «бір адамға» ауыстыру локомотивтер паркінің жаңартылуына немесе қайта жабдықталуына қарай жүзеге асырылатын болады. Ал маневрлік қозғалыста «бір адамның» басқаруына арналған тепловоздар екінші басқару пульттерімен, екі бағытта да артқы көрініс айналарымен, автотіркегішті қашықтықтан ажырату құрылғысымен жабдықталмақ. Жоба бастамашыларының айтуынша, пойыздарды көмекшісіз жүргізетін машинистер үшін жалақыға үстемақы қарастырылған.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады