Атырау магистральдық желі бөлімшесінде 56 шақырымға жуық темір жол жөнделіп жатыр

Инфрақұрылым
05.11.2021, 10:48
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру бағытындағы жұмыстар соңғы жылдары ерекше қарқын алды. Тек биылғы жылы жол шаруашылығы бойынша 55,53 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы Ж.Әміровтің айтуынша, бұл ең алдымен пойыздар жылдамдығын арттыруға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Айталық, күрделі жөндеу өткен учаскелерде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/ сағаттан 120км/сағатқа, ал жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағаттан 100км/ сағатқа артқан.

– Күрделі жөндеу көп телімдерді жаңартты. Соның ішінде 12,06 км рзд.10-Исатай, 13,67 км рзд. 279-Мұқыр, 22,88 км рзд. 460- рзд. 461 жол аралықтарының көп жылдар бойы жөндеу көрмеген ескі темір жолы түгел алынып, орнына неміс технологиясымен жасалған ФОССЛО қапсырмалы темірбетонды шпалдар салынып бітті. Кенбай-Жамансор аралығында 6,92 км күрделі жөндеу жұмыстарын биығы жылдың 11 айында бітіру жоспарланып отыр. Ауа райы қарасып тұрса, еш кедергісіз бітіретінімізге сенімдіміз, – дейді маман.

Белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша да жаңалық баршылық. Бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан жылжымалы құрамның техникалық жағдайына автоматты түрде бақылау жасайтын КТСМ құрылғысы іске қосылды. Атап айтқанда, биылғы 9 айда Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесіндегі Қоркөл станциясында, Атырау -Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейісова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені орнатылды. Сол секілді Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша Мақат, Ақжайық станцияларында «Модернизация ЛАЗ» жобасы аясында желілік-аппаратты залдарда каналдарды нығыздаудың моральды тұрғыда ескірген жабдықтарын жаңа буынды қолжетімді, заманауи интеллектуалды мултисервистік концентраторға модернизациялау жүзеге асырылды. Бұл бағдарламалық-аппаратты кешен ЛАЗ аралық байланыс каналдарын беруді автоматты ұйымдастыруға және мониторинг пен басқарудың заманауи жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Аймақта биылғы жылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, апатты жағдай, өндірістік жарақат, басқа да келеңсіз оқиғалар тіркелмеген.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды