Қызылордалық жолшылар бағыттамалы бұрмаларды ауыстыруға кіріскен

Инфрақұрылым
17.01.2022, 15:16
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жол табанын сауықтыруда өткен жылы жоспарға сай жұмысты толық аяқтаған қызылордалық жолшылар үшін кезек бағыттамалы бұрмаларға келді. Жаңа жылға санаулы күн қалғанда Қызылорда станциясының солтүстік алқымындағы ағаш шпалды №4 бағыттамалық бұрманы ауыстыру жүзеге асты. Алдағы күндері, қаңтардың соңына қарай Сұлутөбе станциясында бұрма ауыстыру кезек күтіп тұр.

Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов пен бас инженер Ақылбек Әбілдаев, техникалық бөлімнің жетекші инженері Ахметқали Елеусинов станция жолындағы негізгі бағыттамалы бұрманы ауыстыруға арнайы алынған толаскезде жұмысты тиімді ұйымдастырды. Жұмысқа дистанцияның жеке құрамынан 30 шақты жолшы мен МПТ-12 мен АС техникалары, Берік Әбжаппаров басқаратын Қызылорда қалпына келтіру пойызының ЕДК-300/2 көтергіш краны жұмылдырылды.

Қозғалыс қызметін басқарып отырған диспетчерлердің толаскезге рұқсат берген уақытынан бастап әр жолшының жасайтын жұмысы күнібұрын белгілі болғандықтан іске жұмыла кірісті. Бекітпе бұрандалары босатылған бұрманың рельстері көтергіш кранмен көтеріп алынып, орны тегістеліп тапталып, жер төсемі әзір болғанда жаңа Р-65 маркалы отандық рельстерге sslk бекітпесімен бекітілген бағыттамалық бұрма төселді.

Жалпы жол жөндеу, жолға күтім жұмысының түгелі өлшем мен технологиялық талапқа сай қатаң бақылауды қажет етеді. Бағыттамалы бұрманың ерекшелігі де өлшемге тіреледі. Себебі бұрмаға қарсы бағытта келе жатқан тепловоздың қажетті жолға бұрылу үшін пайдалану ережесіне сай бұрма үшкірінің рельске жанасатын ұшы мен рельс қаңқасының арасындағы аралық 2 мен 4 мм өлшемде болуы шарт. Осы өлшемнің сақталуы бұрманы ауыстыру кезінде де, өзге уақытта да қатаң талап етілетіндіктен, бір өлшемді бірнеше рет тексеріп бақылау қажет етіледі. Соған орай жолшылар да осы өлшемдерге аса мән беріп, технологияның қатаң сақталуын назарда ұстады. Сонымен қатар, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев толаскез жұмысын бақылауда ұстап, жолшылардың берілген уақытты ұтымды пайдалануын қадағалады. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды