Маңғыстауда биыл 72 шақырым жол жаңартылмақ

Инфрақұрылым
04.02.2022, 13:48
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Былтыр Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты аумақта 48,04 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілген. Соңғы үлгідегі құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдыққа кері әсер ететін факторлар айтарлықтай азайған. Нәтижесінде жол сапасы жақсарып, түбек теміржолының өткізу жылдамдығы артқан.

Таратып айтсақ, Маңғыстау-Бейнеу учаскесіндегі күрделі жөндеу Бекет 12 мен Бекет 13 аралығына ұзындығы 17,46 км, Бекет 3-Үстірт станциясы аралығында 18,94 км, Бекет 7-Сай-Өтес станциясы бойынша 11,64 км жолға жасалған.

Сондай-ақ, рельстердің желінуіне байланысты Бейнеу жол дистанциясы бойынша Сай-Өтес-Бекет 9, Бейнеу станциясының жүк жөнелту жолдарында 2,466 км, Маңғыстау жол дистанциясы бойынша Бекет 9, Шетпе, Маңғыстау, Қарақия станциясының жүк жөнелту жолдарындағы 6,67 км ескі рельстер Р65 типті ауыр рельске ауыстырылған. Мұндай жұмыстар жылдың соңғы айларында да жалғасқан. Желтоқсан айында Ақжігіт, Бекет 5, Бекет 9, Шетпе, Манғыстау станцияларының бас жолдарында 9 дана ескі ағаш шпалды бағыттама бұрмасының орнына темірбетон шпалды бағыттама бұрмасы қойылған.

Атап өтерлігі, бөлімше аумағында өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі тіркелмеген. Өндірістік жарақат алу жағдайлары да болмаған. МДК жол өлшегіш вагонының тексеріс қорытындысы бойынша жол күтімі 41 бірлікке орындалған. Бұл жоспарға қарағанда орындалу көрсеткішінің 137 пайызға жеткенін айғақтайды.

– Биыл 72 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтетін болады. Олар – Маңғыстау-Бейнеу телімінде Бекет 5-Үстірт, Бекет 14-Бекет 15, Бекет 16-Маңғыстау станциясы аралықтарындағы жолдар. Оған қоса Бейнеу-Тассай учаскесінде Парк Б-Алтай-Теректі-Сам арасында 36,5 шақырым түйіспелі рельстер ауыстырылып, орнына жаңа түйіспесіз рельстер салынады. Жоспарымыз ойдағыдай жүзеге асқаннан кейін түбек теміржолы тағы да жаңара түспек, – дейді бұл жөнінде Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі басшысы Марлен Көктеубаев.

Маманның айтуынша, түбек теміржолында малдан келген қауіп сейілмей тұр. Өткен жылы 97 мал пойызға басылған. Былтыр 125 шақырым жол бойына жаңадан малға қарсы қоршау тұрғызған. Тағы 25 шақырым қоршау жөндеуден өткізілген. Өткелдердегі қауіпсіздікке қатысты 3300 автокөлік жүргізушісіне теміржол өткелінен өту ережесі таныстырылған.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды