2 жылда Достық-Мойынты телімінде 870 шақырымдық екінші жол салынбақ

Инфрақұрылым
25.03.2022, 09:12
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мемлекетіміздің 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын «Қуатты аймақтар – еліміздің даму драйвері» атты ұлттық жобасы шеңберінде ұзындығы 870 шақырымдық Достық-Мойынты телімінде екінші жолды салуды жоспарлап отыр.

Жоба 2022-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылып, оның барысында 31 станция қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарлануда. Демек, биыл аталған телімде екінші жолдар құрылысы басталады.

Құрылыстың негізгі мақсаты – болжамды тасымал көлемін есепке ала отырып, резервтік қуаттылығын қамтамасыз ету арқылы Мойынты-Достық-Алашанькоу телімдерінің транзиттік өткізу және өңдеу қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ, транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1500 километрге дейін ұлғайту болмақ. Құрылыс біткеннен соң Достық-Мойынты телімін электрлендіру көзделуде екен. Ал жобаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыру қарастырылуда.

«Үстіміздегі жылдың 15 наурызында «Достық-Ақтоғай-Мойынты-Жарық-Жезқазған-Сексеуіл-Қандыағаш-Ақтөбе-Илецк (Достық-Мойынты теміржол телімінің екінші жолдары құрылысы» теміржол көлігі дәлізін жаңғырту» техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның №01-0094/22-ші оң қорытындысы шықты. Техникалық-экономикалық негіздеменің бұл түзетіліміне Достық-Мойынты желісінің өткізу қабілетін арттыру қарастырылып, нормативтік іске асыру мерзімі және екінші жол құрылысының күрделілігі ескерілген. Сонымен қатар құрылыс жүргізілетін жылдар ішінде Достық қайта тиеу станциясын жаңғыртуды қоса алғанда, іске қосу кешені түріндегі үш құрылысты жылдарға бөле отырып, қолданыстағы өткізу қабілетінің «тар жерлерін» кезең-кезеңмен жою, жекелеген пункттерді дамыту және құрылыстың аралық кезектілігі бойынша таңдау қарастырылған», – дейді Ірі жобаларды іске асыру дирекциясының жаңа теміржол желісі құрылысы басқармасының бас менеджері Жаңабай Асанов.

Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын Саяқ-Балқаш, Тағынқара-Ащыөзек, Ащыөзек-Ақжайдақ, Балқаш-Көкдомбақ телімдері құрылысының бірінші кезеңінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша келісімшарт қол қойылуға жіберілген екен.
Сөз орайы келгенде, Қытайда 2021 жылы Цзинхэ-Алашанькоу шекаралық учаскесінде электрлендірілген екінші жолдардың құрылысы басталғанын айтар едік. Бұл өз кезегінде, «Достық-Мойынты» жобасының уақытылы жүзеге асырылып, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол инфрақұрылымының қатар дамып жатқанын көрсетеді.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды