Қызылордада биылғы жол жөндеу жұмыстары басталды

Инфрақұрылым
05.04.2022, 10:56
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда бөлімшесі бойынша биыл 70,095 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуі жоспарланған. Өткен аптада күрделі жөндеу жұмысы бөлімшенің оңтүстігіндегі Сауран-Бесарық-Талап станциялары аралығында басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Телімнің 3030-3057 км аралығында 26 шақырым жол жаңадан салынуы керек. Бірінші күні соның алғашқы 2375 метріне су жаңа отандық рельстер төселді.

Тиісті орындардан толаскезге рұқсат берілген бойда телімде жұмыс қызу басталды. УК-25/18 көтергіш-төсегіш кранымен рельс тізбектерін жинау жұмысы екі жақтан басталып, ауыр трактор мен бульдозерлер жол төсемін сүру, тегістеу, нығыздау жұмыстарын жасап жатты. Жол төсемінің технологиялық талаптарға сай болуын қадағалап жүрген мамандар өлшеу құралдарымен ары-бері арақашықтықты есептеп жатыр. Сүрілген жолдың орнын тегістеу жұмысына 2 автогрейдер мен 5 бульдозер жегілген. Жол төсемі қажетті деңгейге дейін тегістелген соң екінші УК-25/18 краны алдын ала әзірленген рельс тізбектерін төсеу жұмыстарына кірісті.

Жол салу жұмыстарымен аймаққа танымал "Integra Construction KZ" ЖШС Батыс дирекциясының бастығы Дәурен Сұл- тамұратов күрделі жөндеу жұмыстарына берілген толаскезді тиімді пайдаланып жатқандарын, телімдерден кесте бойынша өткізілетін пойыздар қозғалысына кедергі болмағанын жеткізді.

– Біздің филиалдың биылғы жоспары бойынша Қызылорда бөлімшесі аумағында жүргізілетін 70 шақырым күрделі жөндеу басталды. Сауран-Бесарық-Талап аралығына салынатын 25,656 шақырымның алғашқы 2 км астамы төселді. Техника сақадай сай, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Бұл аралықтағы жұмыс аяқталған соң бөлімшенің өзге телімдеріне өтеміз. Қызылорда-Қараөзек, Байқожа-Бостандық-Ақжар-Төретам станциялары аралықтарында күрделі жөндеуден бөлек, 12 бағыттағыш бұрма ауыстырылады. Бұл жұмыстарға Батыс дирекциясының Белкөл және Қазалы станцияларындағы өндірістік базалары жұмылдырылатын болады, – деді дирекция бастығы Дәурен Сұлтамұратов.

Жұмысты ұйымдастыру жауапкершілігі филиалдың жол машинасы станциясының директоры Әмірхан Жолдасбайға жүктелген. Айтуынша, бүгінгі жұмысқа 45 жол жөндеуші, МПД, ПЛ,УК, ЭЛБ, ВПО ауыр жол техникалары, 5 бульдозер, автогрейдер, 5 автокөлік, олармен жұмыс істейтін 30-ға жуық механизатор, қиыршық тас таситын және рельс-шпалды торламаны таситын жылжымалы құрамдар жұмылдырылып, Қалибек Ізбанов, Еркін Аңсатбай, Берік Бектібаев сынды тәжірибелі жол жөндеушілер мен Берік Оспанов, Еркін Жұбаназаров, Сұлтанхан Жүсіпбековтей ауыр жол техникалары машинистерінің сауатты да жауапты іс-әрекетінің нәтижесінде барлық жұмыс талапқа сай сапалы атқарылған. Толаскез барысын Қызылорда жол дистанциясының мамандарынан құралған топ бақылап, қабылдап алды. Алдағы күндері тағы да 4-6 сағаттық толаскез беріліп, жұмыс әрі қарай жалғасатын болады.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда