Шағыр – Талдықұдық аралығындағы жол жөнделді

Инфрақұрылым
20.05.2022, 09:43
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шакенов бастаған комиссия Шымкент жол бөлімшесінде көшпелі бақылау тексерісін жүргізді. Комиссия құрамындағы мамандар жол мен инфрақұрылымды көктемгі комиссиялық тексерудің сапасына баға берді. 

Комиссия Шағыр–Талдықұдық аралығындағы жолдың, жер төсемінің, электрмен жабдықтау, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының жағдайын тексерді. Аталған учаскеде жарияланған 30 сағаттық «толаскез» кезінде бір жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстар жолдың сапасына сенімділікті және оның беріктігін едәуір арттырды. 

Күрделі жөндеу жүргізуге арнайы жол техникасы тартылды. Соның ішінде SMD-80 сериялы әмбебап машина да бар. Бұл техника жоғары өнімділігі және тиімділігімен ерекшеленеді. Машина құрылыс материалын конвейермен бере отырып, шпалдардың барлық түрлерін алып тастай алады және төсейді.  

– Өңірдің барлық қызметтері бойынша теміржолшылардың өзара үйлесімді іс-қимылын және жұмыстың жақсы ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Күннің ыстықтығына қарамастан жол жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр, – деді Марат Шакенов. 

Сондай-ақ, комиссия өңірдің локомотив депосы мен станцияларының жазғы кезеңде тұрақты жұмысқа дайындығын тексерді. Бұдан бөлек пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге ерекше назар аударылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті