Жаңа технологиялар Атыраудағы жұмыс тиімділігін артырды

Инфрақұрылым
24.05.2022, 10:06
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі өндіріске жаңа технологияларды енгізуді жалғастырып келеді. Бөлімше басшысының орынбасары Ж.Жөнтұрбаевтың айтуынша, Маңғыстау-Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде диспетчерлік орталықтандыру түбегейлі жаңартылды.

Диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы 1196 шақырымды құрайтын жолда орнатылған. Мұнда байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, еңбек үдерісінің жылдамдатылуына жағымды ықпал еткен. Талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) кабелі жүргізіліп, байланыс жақсарды. Ақпарат беру жеделділігі әлдеқайда артты, әсіресе, мәліметтер беру желісі жылдам. Сондай-ақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылған. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер коммутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз-ақ мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақытылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары өз қызметін бастады. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады.

Сонымен қатар, Бәйтерек және Бекбике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары құрылды. Бұрын қанша вагонның келіп-кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы алынса, ендігі жерде барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады. 

Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты ауқымды көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды. Белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын құрылғы (КТСМ) іске қосылды. Атап айтқанда, Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бекбике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау-Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейісова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені орнатылған. Мақат, Ақжайық станцияларында «Модернизация ЛАЗ» жобасы аясында желілік-аппаратты залдарда каналдарды нығыздаудың жаңа буынды қолжетімді, заманауи интеллектуалды мултисервистік концентраторға модернизациялау жүзеге асырылды. Міне, жаңа технологиялардың өндіріске енгізілуі еңбек үдерісін арттырып қана қойған жоқ, уақытты үнемдеп, ең бастысы жеделдік пен жылдамдықты қамтамасыз етті.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды