Қызылорда-Қараөзек арасындағы жол жөнделіп жатыр

Инфрақұрылым
08.06.2022, 09:34
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Қызылорда өңірі бойынша 70 км астам жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болмақ. Жөндеудің бұл түрі Сауран-Бесарық-Талап станциялары аралығында сәуір айында бастау алған еді. Жол салуда тәжірибелі маман Дәурен Сұлтамұратов басқаратын «Integra Construction KZ» мекемесінің филиалы «Батыс» дирекциясының жұмысшылары аталған станциялар аралығына бұған дейін су жаңа отандық өнім Р-65 маркалы рельс бунақтарын 25,656 шақырымға төсеп шыққан болатын. Қазір күрделі жөндеу жұмысы Қызылорда-Қараөзек телімінде 20,521 шақырым жол бойында жүріп жатыр.

Біз барғанда 12 сағатқа белгіленген күрделі жөндеу жұмысына теміржолшылар құрал-саймандарын және техникаларын қамдап, сақадай-сай тұр. Жол жұмыстарын жүргізетін ауыр техникалар мен салмақты тракторлар жұмысқа жегілуді күтіп, жол жиегіне тоғытылған. Толаскез басталғанша, екі-үш пойыз телімнен кідіріссіз өткізілді. Бұл уақытта Дәурен Сұлтамұратов толаскез кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, арнайы киімдерді киюді талап етіп, техникалық инструктажын өткізіп үлгерді. Күрделі жөндеу жұмыстарын басқару филиалдың жол машиналары станциясының директоры Әмірхан Жолдасбайға жүктелген.

– Толаскез уақыты берілгенше барлығымыз жұдырықтай жұмылып дайындық жұмысын жасаймыз. Қызылорда-Қараөзек теліміндегі күрделі жөндеуден өтетін 20,521 шақырымның бүгін 1500 метрлік аумағы жаңадан салынатын болады. Жолды күрделі жөндеуден өткізуге МПД, ПЛ, УК, ЭЛБ, ВПО, Дуомат секілді ауыр жол техникалары, қиыршық тас таситын және рельс-шпалды торкөзді таситын жылжымалы құрамдар, бульдозер, автогрейдер, автокөлік, яғни барлық техника, жеке құрам дайын. Алдымен 25 метрлік рельс бунақтары төселуде. Одан кейін қиыршық тас төселіп, арнайы жол машиналарының көмегімен салынған жол технологиялық талапқа сай бабына келтіріліп, учаскелік жылдамдық бекітіледі, – деп ақпарат берді жол жұмыстарын бақылауға алған Қызылорда жол дистанциясы бастығының орынбасары Абдулла Досымов.

«Толаскез» уақыты таяған сәтте қолдарына жалауша ұстаған мамандар белгі беріп, жөндеу жұмыстарының басталғанын рациямен хабарлап жатты. Белгі берілісімен жол жиегіндегі ауыр тракторлар орындарынан ыңырана қозғалып, жол үстіне шықты, олар жаңадан салынатын жол төсемдерін сүрлеп, тегістеуге кірісті. Топ-топқа бөлінген жолшылардың бір тобы УК-25/18 көтергіш-төсегіш кранымен ескі жолдың рельс бунақтарын жинап жатты. Ал екінші топ УК-25/18 рельс төсегіш кранын белгіленген жерге дейін жақындатып, жаңа рельстерді төсеуге әзір тұрса, ауыр тракторлар ескі рельстер алынған жолдың төсемін 35-40 сантиметрге дейін тілгілеп, жол жиегіне итеріп тазалай бастады, бұдан кейін жұмыс процесіне грейдерлер араласты, олар сүрілген жолдың табанын таптап, тегістей бастады. Сырт қарағанда әрбір топтың басы-қасында бір басшы қолындағы жалауша мен рация арқылы хабарласып, жұмыстарын бейнебір конвейерге қосылған механизм секілді тоқтаусыз жүргізіп жатты. Сүт пісірім уақытта рельсті төсейтін жол төсемі дайын болды. Осы сәтті күткен УК-25/18 төсегіш краны темірбетонға бекітілген алғашқы 25 метрлік рельс бунағын төсеуге қамдана бастады. Қолына жолдың ара қашықтығын (310 см) өлшеуге арналған шаблондық-құралын ұстаған жолшы, әріректе жатқан қолданыстағы жолмен жаңартылып жатқан екінші жолдың арақашықтығын өлшеп, рельстің қай жерге төселетінін рельсті көтерген кран жүргізушісіне меңзеп тұрды. Жолшылардың ыждағатты, кәсіби шеберлігінің арқасында алғашқы рельс діттеген жеріне топ етіп түсіп, сәтті орналасты. Біз күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыру шеберлігіне тәнті болып қайттық.

ҚТЖ келбеті
30.05.2025
Темірден түйін түйген Момын Өтегенов – 95 жаста
Әлеумет
30.05.2025
Болашақ станциясында жаңа ойын алаңы ашылды
Аймақтар
30.05.2025
Арыс теміржол торабы жаңартылған соң вагон айналымы 20 пайызға артты
Спорт
30.05.2025
Теміржолшылар арасында футболдан тартысты турнир өтті
Аймақтар
30.05.2025
Жұмысқа тұрудың жаңа тәртібі
Спорт
30.05.2025
Теміржолшылар зияткерлік пен дәлдікте бақ сынады
Жаңалықтар / Мұрағат
30.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 30 мамыр 2025 жыл
Жаңалықтар
29.05.2025
Теміржолшылар өткелдерде профилактикалық жұмысты күшейтті
Жүк тасымалы
29.05.2025
ҚТЖ: Астық экспорты артты
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
Елімізде жаңадан екі электр пойызы іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр
Жаңалықтар
29.05.2025
Астанада ALSTOM компаниясының жаңа сервистік орталығының алғашқы тасы қаланды
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
«Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды
Әлемде
28.05.2025
Қазақстандық PTC holding компаниясы Грузияда терминал ашпақ
Жаңалықтар
28.05.2025
Астана форумында Транскаспий дәлізін дамыту барысы сөз болды
Жүк тасымалы / Апта саны
28.05.2025
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы 13% ұлғайды
Аймақтар
28.05.2025
Атырауда вагонның бөлшектерін шығаратын жаңа зауыт салынады
Жолаушылар тасымалы
28.05.2025
«Астана – Жезқазған» пойызында қыз бала дүниеге келді
Жаңалықтар
27.05.2025
Теміржолшылар "Велосипед күні" акциясын өткізді
Қауіпсіздік
27.05.2025
Теміржолдағы тәртіп: жол ережесін бұзғандарға айыппұл көбейді