Белкөлде бағыттамалық бұрмалар қалпына келтіріліп жатыр

Инфрақұрылым
24.06.2022, 12:10
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Белкөл станциясында бағыттамалық бұрмаларды австриялық «Унимат» жол машинасы технологиялық талапқа сай бабына келтіріп жатыр. Аймақтағы қауіпсіздік ревизорлары жұмыс үдерісін бақылауда ұстап отыр.

Қауіпсіздік ревизорларымен бірге жол шебері Рахат Әлжанов пен жол бригадирі Бақытжан Нармахановтар жасалған ескерту мен кемшіліктерді қалпына келтіруге күш салуда.  

– Темірбетонды бағыттамалық бұрмалардың технологиялық талапқа сай бабын жасап, қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Оған Қырқыншы станциясындағы механикаландырылған жол машиналары мекемесінің бағыттамалық бұрмалардың түзулігі мен ауытқуын қалпына келтіретін ауыр жол машинасы «Унимат» қолданылуда. Бұл жұмыстар бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Әзірге анықталған кемшіліктер дистанция жолшылары тарапынан қалпына келтіріліп, жол машинасы бірнеше қайталап жұмыс жасауда, – дейді «ҚТЖ»ҰК» АҚ Жол диагностикалық орталығы Қызылорда филиалының жол шаруашылығы бойынша қауіпсіздік ревизоры Әмірхан Жүсіпбеков. 

Жол бойындағы бағыттамалық бұрмалар жолшылар тарапынан жоспарға сай ағымдық күтімнен өткізіліп тұрады. Дегенмен, белгілі уақытта жол машинасының көмегімен оларды тексеріп, бабына келтіріп бақылаудан өткізіп отыру – қозғалыс қауіпсіздігін арттырумен қатар сенімділік кепілі.  

– Заманауи арнайы техниканың көмегімен оның түзулігін, салмақ әсерінен соғылып ауытқуын дәл анықтап, бабына келтірудің маңызы зор. Жол машинасы- ның жұмысынан кейін жолдың, бағыттамалы бұрмалардың жұмысына сенімділік те, сапа да артады, – дейді дистанцияның жол шебері Рахат Әлжанов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда