Қызылордалық теміржолшылар жол күтіміне ауыр жол машиналарын жұмылдырды

Инфрақұрылым
12.07.2022, 12:18
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаз маусымы – теміржол табанын сауықтырып, бабын жасайтын кез. Тәуліктің әр күнін тиімді пайдаланып жатқан қызылордалық теміржолшылар жол күтіміне ауыр жол машиналарын да жұмылдырып отыр.

Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы (Пчм-40) 16-бекеттің оңтүстік алқымындағы 3 бағыттамалық бұрманы ауыстыру жұмысына жегілген. Телімде УТМ-2М, МКТ және СЗ-800 типті ауыр жол машиналары жұмыс істеп жатыр. Қызылорда телімінің бастығы Ербол Рүстемов жол жұмысының сапалы жүргізілуін, жаңа бұрманың технологиялық талапқа сай бабына келтірілуін қадағалап жүр. Айтуынша, қанша жылдан бері осы салаға маманданып, ауыр жол машиналарын ұршықтай үйіретін УТМ машинисі Талғат Жақыпов, МКТ машинисі Ибрагим Дулгаев, СЗ машинисі Ахметжан Жұматаев, машинист көмекшілері Төрехан Отарбаев, Болатбек Арғынбаев және Алмас Әбішевтер жұмысында кем-кетік деген болмайды. Ауыр жол машиналары кешенінің басшысы Өмірхан Бегманов та сенімді әріптестері атқарған кез келген тапсырыстың сапалы әрі уақытылы аяқталатынын білдірді. 

– Біздің ауыр жол машиналар кешені Қызылорда жол дистанциясының тапсырысын орындау жұмысына қосылды. Машинистер де, көмекшілері де тәжірибелі теміржолшылар. Әр машинаның жұмысы қатаң бақылауда. Техниканың ағаттығынан кемшілік кетпес үшін әр тетіктің қызметі маңызды. Мәселен, конвейер арқылы СЗ машинасына салынатын қиыршық тастың біркелкі қалыңдықпен салынуы, лента арасында үзік болмауы маңызды. Тас бұрмаға салынған кезде де абай болып барлық назарымызды жұмысқа бөлеміз. Себебі әр вагонға бұрмаға төселетін қалыңдық көлемінде қиыршық тас салынған. Кешендегі МКТ – қазу, жинау, тазалау жұмыстарына, УТМ-2М жол машинасы – әмбебап тартым модульді кешені өздігінен жүрмейтін ауыр жол машиналарын тасымалдауға және электр қуатымен жабдықтауға, маневрлік жұмыс кезінде кешенді перегонға тасымалдау жұмыстарын атқара алады, – дейді кешен басшысы Өмірхан Бегманов. 

Жалпы, жол машиналарының жұмысы машинист пен көмекшісі арқылы атқарылатындықтан бір қарағанда машиналар жұмыс жасамай тұрғандай көрінеді. Ал жақындап келсеңіз, шаңды аспанға көтеріп тас жинауда, конвейердегі тасты жолға төсегенде машинаның маңына жолай алмайсыз. Бірақ жұмысқа жегілгенде баяу жүрген адамның жылдамдығымен жұмыс жасап жатқан кешеннің жұмысы тындырымды, нақ әрі сенімді. Әне, СЗ машинасы арқылы бағыттамалық бұрмаға тас төсеу барысын машинаның екі басындағы кабинада машинист Ахметжан Жұматай мен машинист көмекшісі Болатбек Арғынбаев бақылап отырса, машинист Талғат Жақыпов пен Ибрагим Дулгаев кешеннің электр қуатымен қамтылуын қамтамасыз етіп, маневрлік жұмыстарды дер уақытында жасап келеді. 

Бекеттегі ауыр жол машиналарының жұмысына, жолдың, ауыстыру жұмысының сапасына Қызылорда жол дистанциясының жолшылары бақылау жасауда.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда