Отандық өнім - сапа кепілі

Инфрақұрылым
22.07.2022, 11:40
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жыл сайын темір жолдардың тиісті бір бөлігін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартып отыру – пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың бірден бір кепілі. Жол жұмыстарына маманданған «Integra Construction KZ» компаниясы үшін жаздың әр күні қызу да қауырт еңбекке толы.

Қазақстан темір жолының сенімді серіктесіне айналған мердігер компанияның Батыс дирекциясы бүгінгі таңда Қызылорда бөлімшесінде жұмыс жасап жатыр. Олар күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс 70,095 шақырым жолдың 46,177 километріне су жаңа Р-65 маркалы отандық рельс төсеп үлгерді. 

«Integra Construction KZ» ЖШС Батыс дирекциясының бастығы Дәурен Сұлтамұратов жөндеу жұмыстарына қатысты ақпармен бөлісті.  

– Аймақ бойынша биылғы жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары отандық өніммен сапалы жүргізіліп жатыр. Көктем шыға Сауран-Талап-Бесарық станциялары аралығында 25,656 шақырымға рельс тізбектері төселген болатын. Одан кейін мамыр айының соңында Қызылорда-Қараөзек теліміндегі 20,521 шақырымдық жолды жаңартуды бастағанбыз. Бүгінде рельс тізбектері толық төселіп, ендігі кезекте жолды технологиялық талапқа сай келтіру жұмыстары жасалуда. Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне тосын кедергілер туындаған жоқ. Техникамыз бен жеке құрам қашанда жұмысқа дайын. Толаскездер тиімді пайдаланылып, межеленген жұмыстар атқарылуда, – деді дирекция бастығы. 

Жаңартылған жол төсемін, су жаңа рельстер астына салынған қиыршық тастарды дұрыс нығыздап, бекітуді, жалпы жолдың қажетті қалыңдықта және түзу салынуын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен Жол дистанциясының мамандары жіті тексеріп, бақылаудан өткізіп отыр.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда