Қызылордада күрделі жөндеудің үшінші кезеңі басталды

Инфрақұрылым
02.08.2022, 10:21
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолында жүріп жатқан күрделі жөндеудің үшінші кезеңі басталды. Бұған дейін Сауран-Талап-Бесарық станциялары аралығында 25,656 шақырым, Қызылорда-Қараөзек телімінде 20,521 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен.

«Integra Construction KZ» мекемесі Батыс дирекциясының жол салушылары ми қайнатар аптап ыстыққа қарамастан жұмысты жалғастыруда. Дирекция басшысы Дәурен Сұлтамұратов бүгінде Байқожа-Бостандық-Ақжар-Төретам станциялары аралығындағы 23,918 шақырымды күрделі жөндеу басталып кеткенін жеткізді. Жол табаны Р-65 маркалы су жаңа отандық өніммен жаңғыртылуда. Кешегі күні жаңа учаскедегі алғашқы толаскез алынып, 750 метрлік аумаққа рельс тізбектері төселген. Күрделі жөндеу кестеге сай жүріп жатыр.  

– Аймақ бойынша биылғы жылы күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс 70 шақырымнан асатын жолдың жартысынан астамы салынып болды. Енді Байқожадан Төретам станциясына дейін 23,918 шақырым жолдың алғашқы рельстері төселді. Жөндеу жұмысына қажетті техника, ауыр жол машиналары жеткілікті. Межелі уақытта бұл учаскенің де жолын жаңартып, теміржолшылардың төл мерекесіне орай тарту ететін боламыз, – деді «Integra Construction KZ» мекемесі Батыс дирекциясының басшысы Дәурен. 

Иә, биылғы төл мерекеге сырбойылық теміржолшылар толымды табыспен жеткелі отыр. Яғни, аймақта жоспарланған күрделі жөндеу толық аяқталады. Жол сапасы жоғары болса, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі артады. Ал қауіпсіздік – теміржолшылар- дың басты ұстанымы. Сондықтан аймақта мердігер компания жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмысына Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен Қазалы жол дистанци- ясының басшылық құрамы бақылау жасап, жұмыстардың технологиялық талап деңгейінде жасалуын басты назарда ұстауда.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда