Нұр-Сұлтан-1 станциясында жол өтпесі керек

Инфрақұрылым
12.08.2022, 09:01
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан-1 станциясының басшылығы елорда әкімдігінен қаланың шет жағындағы автомобиль жолы мен темір жол түйісетін тұстан жол өтпесін салуды сұрайды. Бұл – қаланың Өндіріс тұрғын алабы ауданы (бұрынғы атауы Лесозавод). Сонымен қатар сол жерде автомобиль көпірін, автомобиль көлігінің жолайрығын салу қажеттілігі де айтылған.

Станция басшылығының ұсынысы қанағаттандырылса, аталған тұста автомобиль және қоғамдық көлік ағынын ұлғайтуға мүмкіндік туады, теміржолмен әрі-бері өтетін жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өткелде жол-көлік оқиғалары азаяды.

Ал қазіргі жағдайда Атбасар және Көкшетау станциялары бағытында маневрлік жұмыстар жүргізгенде және жүк пен жолаушы пойыздарының қозғалысы барысында жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты станцияның жұп паркінде, яғни локомотив депосынан Өндіріс тұрғын алабына дейінгі аралықта құрамдар жолда ұзақ уақыт тұрып қалады. Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, олар жолдан өту үшін вагондар астына түсіп жатады.

Бүгінде мұнда екі жаяу жүргінші көпірі бар, бірі вокзал аумағында, екіншісі Аспара көшесінің басында орналасқан. Станцияда жолды кесіп өту ережелерін сақтау керектігі туралы ұдайы хабарланып тұрады. Машинистер қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл тежегіштерді қолданады.

Теміржолшылар өтінішіне елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы шағын айналма жолдың төртінші учаскесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде деп жауап берді. Бұл жобаны іске асыру Өндіріс тұрғын алабы ауданында теміржол өткеліндегі кептелістер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Алайда құрылысты тек 2023 жылдан кейін жүргізу жоспарланған, ал қаржыландыру жер учаскесі толық босатылған жағдайда ғана бөлінеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті