Құлсары - Мақат телімінде күрделі жөндеу

Инфрақұрылым
12.08.2022, 09:18
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Шілде айының 22-жұлдызынан бастап Құлсары – Мақат телімінің Шоқпартоғай – Құлсары бекеттері аралығында жоспарланған 28,020 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Жұмысты ПМС Бірлік мекемесі жүргізіп жатыр.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, апатты жағдай, басқа да келеңсіз оқиғалар тіркелмеген. 

Бөлімше басшысының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары міндетін атқарушы Амангелді Бержановтың айтуынша, аталған мерзімде еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 898 техникалық сабақ өткізіліпті. Нәтижесінде, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда қиындық-кедергілер болмаған, ол әрине өткен сабақтардың сапасына да байланысты. 

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында темір жолдарда кезең-кезеңмен жөндеу жұмыс- тары жүргізіледі. Мысалы, 2021 жылы бөлімше бойынша 55,53 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді. Соның ішінде Атырау жол дистанциясында 12,06 км рзд. 10-Исатай (1-ші бас жол) 152-164 км аралығында, 13,67 км рзд. 279-Мұқыр 280-293 км аралығында, 6,92 км Кенбай-Жамансор 347-353 км аралығында және Құлсары жол дистанциясында 22,88 км рзд. 460-рзд. 461 (1А, 1-ші бас жол) Қоркөл 1057-1080 км аралығында жолдарға күрделі жөндеу жасалды. 

Ал 2022 жылы 92,345 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуі жоспарланған. Қазіргі уақытта оның жартысынан астамы, 64 км салынып бітті. Атап айтқанда, Атырау жол дистанциясы бойынша 28,020 шақырым жол күрделі жөндеуден өту керек болып жоспарланған. Соған сәйкес, Қиғаш – Д.Нұрпейсова станциялары аралығында және Д.Нұрпейсова бекетінің жоспар бойынша 18,857 шақырым жолы, 265 – Сағыз бекеттері аралығында, Сағыз бекетінің жоспар бойынша 10,012 шақырым жолы салынып бітті. 

Сондай-ақ, Құлсары жол дистанциясы бойынша 63,476 шақырым жол күрделі жөндеуден өту жоспарланып, Құлсары – Бейнеу телімінің 465-Опорная-464 бекеттері аралығындағы 35,446 шақырым жолдың ескі жолы түгел алынып, орнына су жаңа темірбетонды шпалдар барлық технологиялық талаптар сақталып, салынып бітті. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта түйіспесіз жолдар салынуда. Бұл дегеніміз болтқа, қапсырмаға деген шығынды азайтады. Нәтижесінде, бұл телімде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60 км/сағ – 120 км/сағатқа, жүк пойызының жылдамдығы 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа дейін көтеруге ықпал етеді. 

Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда