Биыл 943 км жол жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
25.11.2022, 09:11
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі таңда магистральдық желінің жағдайы пойыздардың белгіленген қозғалыс жылдамдығымен бірге олардың қауіпсіз жүріп тұруын қамтамасыз етіп отыр.  

Жол және жасанды құрылыс департаменті мамандарының айтуынша, жазғы жол жұмыстарының жыл сайынғы көлемі өндірістік қуаттылыққа, басымдыққа ие учаскелердің жағдайына және Компанияның қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты айқындалады екен. Алдағы 2023 жылы 567 км жол күрделі жөндеу көрмек.  

– Үстіміздегі жылы жазғы жол жұмыстары шеңберінде 943 км жол жөндеу түрлерінен өтті. Соның ішінде 551 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы ПЧМ Ағадыр мекемесі 51 шақырым жолды шаруашылық тәсілмен жөндеді. Сонымен қатар 75 шақырымда ескі шпалдар жаппай су жаңа темірбетонды негізге көшіріліп, бекітпелері ауыстырылды. 164 шақырымда жаңа түйіспесіз жолдар төселді. Сондай-ақ, 90 км жолға күшейтілген орта жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде жол жаңа келбетке ие болды, – дейді Жол және құрылыстар департаменті директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Танабаев.  

Жолды күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде 911,7 шақырымда жолаушылар, ал 308,8 шақырымда жүк пойыздарының, 904,1 км жол бойында контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығы артқан. Ал бұл өз кезегінде теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты